Қызылорда қаласы,
№ 197 қазақ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Абдрахманова Айгерім Сагатбекқызы
Үй тапсырмасы
WordPad мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац.
Сұрақтар аралы
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
Пуск – Программы – Стандартные – WordPad
2. Қарапайым құжаттарды жасауға арналған бағдарлама? Ол қай бағдарлама?
WordPad
3. WordPad қолданбасы терезесінің элементтерін ата?
Тақырып жолы
Меню жолы
Құрал - саймандар тақтасы
Пішімдеу тақтасы
Сызғыш
Терезенің жұмыс аймағы
4. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шеттері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
5. WordPad бағдарламасында құжатымызды қалай сақтаймыз?
Файл - Сохранить как
Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері.
Калькулятор сөзі - латынның calculator – санағыш деген сөзінен шыққан.
Калькулятор – сандармен немесе алгебралық формулалармен амал орындау үшін қажетті электрондық есептеуіш құрылғы.
Калькулятор тарихынан.
1963 жылы Англияда бірінші жалпы қолданыстағы ANITA MK VIII калькуляторы шығарыла бастады. Ол газоразрядты шамдарда жұмыс істейтін.
1974 жылы Кеңестер одағында бірінші қалтаға салып жүретін Электроника
Б3 – 04 калькуляторы шығарыла бастады. Онымен қарапайым нақты сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар мен тұрақтыларды пайдаланып есептеулер орындауға болатын. Оны жасаумен 27 адамнан тұратын топ айналысып, 9 ай мерзім жұмсалған еді. Калькулятордың негізгі ерекшелігі - сұйық кристалды индикатор мен мамандандырылған жоғары дәрежелі, шоғырланған микросызбалар қолданылды.