Қуыршақ театры
Тақырыбы: "Кел, күлейік!"
Мақсаты: Театрлық іс - әрекетті ертегіде пайдалана отырып баланың ойын дамыту, қызықтыру қабілетін, әдемі сөйлеу мәнерін арттыру.
Ханша: - Алдар аға, бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыз ғой. Бүгінгі той - думанымызды жалғастырып, балалармен бірге біздің Күлмес ханшамыз ойынға шықса қалай болады?
Алдар көсенің ойындары:
Ал, алма! . (Күлмес ханшамен)
Есекпен жарыс (балалармен)
Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын
(тәрбиешілермен )
Ханша: - Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де апайлар! Біздің Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!
Хан: - Ертең тағы келіңіздер, біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Әуен сазымен екі уәзір шығады:
Уәзір: Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында
керемет ерекше кеш болмақшы. Күлмес ханшаға арналған ән мен би, ойындар ұйымдастырылмақшы. Кімде кім Күлмес ханшаны күлдірсе Ханның дайындаған сыйлығына ие болады.
Батырлар биі орындалады.
Хан: - Тыңдаңыздар! Бүгінде менің сарайымда ойын - сауық өткізіп тойлаңыздар, өнерлеріңізді көрсетіп сыйлық алыңыздар!
Ханша: - Көтеріңкі көңіл – күй,
Сыйлаңыздар әрине.
Той - думанда барлық үй,
Ат салыссын бәріне.
Өлең айтып, би – биле,
Ойын ойнап көңілді.
Әзіл айтып тамаша,
Өткізейік бүгінді.
Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып:
- Бізге қонаққа сонау бір алыс шахардан Тазша бала келіпті, өзінің осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен, қабыл алыңыздар.
Тазша бала: Өтірік өлең орындайды
Ханша: - Рахмет, Тазша бала! Біздің тойдың төрінен орын ал, төрлетіңіз.
(Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып )
Хан: - Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді кім
бар екен.
Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып:
- Хан ием көрші ауылдағы Қаңбақ шал кемпірімен келіпті, көрсететін өнерлері бар екен.
Қаңбақ шал мен кемпірі: Мазақтама әнін
орындайды.
Ханша: - Төрлетіңіздер! Біздің тойдың құрметті
қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен?
(Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді )
Хабаршы: - Келесі қонағымыз дарияның арғы бетінен
келген Мақта қыз бен мысық, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар:
Мақта қыз бен мысық: Көңілді би орындайды.
Ханша: - Қайтеміз, жоғары шығып, төрлетіңіздер!
Хан: - Енді қайтеміз шынымен де ешкімнің
қолынан келмегені ме, бүгінде ешқандай әсері болмады ма?!
Ханша: - Енді кім бар хабаршы, алде болды ма?
Хабаршы: - Жоқ, Хан ием! Тек бір аты шулы Алдар
көсе келіп тұр, қабылдайсыз ба?
Хан: - Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін бір септігі тиер.
(Осы кезде Алдардың әуені ойналып, ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді де, Ханның алданғанына Күлмес ханша әбден күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таң болып Алдарды кешіреді )
Ханша: - Хан ием, сен алданып қалғаныңмен қызыңа Алдардың септігі тиіп жүзіне күлкі үйрілді ғой, сен оған ашуланба! Оны шақыртып тойымыздың қонағы етіңіз, дайындаған сыйымызды берейік!
Хан: - Хабаршы Алдарды алдырыңдар мен кешірдім! Келсін менің дайындаған сыымды алсын!
Алдар келіп ханның сыйлығын алады.
Алдар: - Байеке, рұқсат етсеңіз мен келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрап көрсем қалай болады?
Хан: - Бүгін сен не айтсаң бәріде орындалады! Қалағаның болсын!
Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрайды.