Мақсаты:
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оқушыларға түсіндіру. Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: СТО әдісі
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Интерактивті тақта, слайдтар. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбие сағатының барысы.
І. Ұйымдастырушы кезең
Шаттық шеңбері. Бір - бірімізге жүректен шыққан жылы лебіздерімізді білдірейік. (Слайд 3)
Миға шабуыл әдісі.
- Балалар, Жолдау дегенді қалай түсінесіңдер. Топтастырайықшы.(Слайд 5)
- Биылғы Жолдаудың тақырыбы қалай?
- Елбасы биылғы Жолдауды қай күні жариялады?
- Сендер тыңдадыңдар ма?
- Жолдаудың қарастырылған негізгі бағыттарды атаңдаршы?
- Иә, балалар, бүгінгі дөңгелек үстелде Елбасының халыққа Жолдауын қарастырып, талқылаймыз. (Слайд 6). Ол үшін ІІІ топқа бөлінеміз. Менің үстелімде қызыл, көк, сары түстер бар. Әрбір топ бір - бір түстен алыңыздар. Қызыл түс таңдағандар, Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылайды. Көк түстер - Жолдаудағы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелеріне тоқталады. Сары түс - толықтырады, қорытындылайды. (Слайд 7)
Ой қозғау әдісі. (Слайд 8 - 10)
І топ - қызыл түстер
Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Осыған дейінгі Жолдауда 2050 - жылға дейінгі стратегиялық бағыттар айқындалса, енді осы стратегияның жүзеге асырылу тетіктері көрсетілді. Мысалы, айтылған мерзімге дейін жеті бесжылдық болса, осы әрбір бесжылдықта жаңа инновациялық идеялар іске асатын болады.
ІІ топ - көк түстер.
Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жастар білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдарды дөп басып отыр. Елбасымыздың Жолдауына орай тағы бір айтпағым, қазақ тіліне қатысты мәселе. Бүгінде біздің ана тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналған. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болады. Еліміздің ертеңі – жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып, еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек.
ІІІ топ
Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақстан – 2050 Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол ,- деген Президентіміз. Қазақтың Армансыз адам қанатсыз құспен тең деген даналығы бар. Біздің ата - бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Білікті мыңды жығарын өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни оқушылардың алдына қойған мақсаты.
Ой қорыту әдісі. (Слайд 11)
Біз Елбасының Жолдауын дөңгелек үстелде топтар бойынша талқыладық, ал енді өз ойларыңды қағаз бетіне түсіресіңдер, яғни Жолдау бойынша эссе жазу керек. (Слайд 12) (Оқушылар эссе жазып, оны оқып береді, осы уақытта қонақтармен мынадай жұмыс жүргізіледі).
Қонақтармен жүргізілген жұмыс. (Слайд 13)
Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Интерактивті тақтадағы мына 20 сөзді пайдаланып, барша Қазақстан халқына ақ тілек білдірсеңіздер.
1. Жолдау
2. Мәңгілік ел
3 Елбасы
4 Заң
5 Қыз
6 Ұл
7 Қазақстан
8 Ата - ана
9 Ту
10 Әнұран
11 Астана
12 Қазақ тілі
13 Жер
14 Байлық
15 Тыныштық
16 Мектеп
17 Білім
18. Оқу
19. Ақыл
20. Достық
Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер айту. (Интерактивті тақтада мақал - мәтел жазылған, оны жалғастыру керек.) (Слайд 14 - 15).
Ұстаздың қорытынды сөзі:
Қазақстан - 2050 – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен аяқтағым келеді. (Слайд 17). Белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет!