Табиғатпен келісіп өмір сүру
Басқа сөзбен айтқанда, адам мен табиғаттың қатынасына үйлесімділік және ол табиғатпен қарым-қатынас заңдылығы үйлесімділігінің нәтижесінде іске асады. Сондықтан валеологияда негізгі талаптардың бірі: ТАБИҒАТПЕН КЕЛІСІП ӨМІР СҮРУ.
Бұл жай ұран емес. Табиғаттың көптеген сансыз қасиеттері көмегімен ағза зиянды факторлармен қатар өмір сүреді, оларға қарсы күреседі және денсаулықты сақтайды. Өзіне қолайлы жағдай жасап, табиғаттан оқшауланған адам табиғаттан да, оның сауықтандыратын әсерінен де оқшауланған. Кім табиғат заңын бұзса, қоршаған ортамен өрескел байланысса, онда өзінің биологиялық мәнінен, денсаулығынан айырылатыны және ауыратыны сөзсіз.
Осыған дейін мынадай үстем көзқарас болды, экология, сыртқы орта – бұл бір бөлек, ал адам өзінің әлеуметтік өмірімен басқа бір бөлек деген.
Валеология бұл сұраққа дұрыс көзқарас қалыптастырады. Әлемде табиғат пен адам, табиғат пен қоғам өмір сүрмейді, жерді, мұхит пен атмосфераны, өсімдіктер мен жануарларды, адам мен қоғамды, топырақ пен микроорганизмдерді, өзендер мен таулы адырларды, ультракүлгін сәуле мен түрлі жарықты, жылу мен табиғи сәулелікті, гравитация мен жылудың ауысу уақытын, планетаның тәуліктік айналымын және ғарыш бөлшектері тасқынын құрайтын, олардың бәрін біріктіретін ТАБИҒАТ өмір сүреді.
ТАБИҒАТТЫҢ өзгеруі ойламаған араласудан, әсерден болады, одан кейін оның құрамындағы адам да және адамзат та өзгереді.
Қоғамның ерте кезеңдерінде шаруашылық құрылымы негізінен иемденуге бағытталған. Содан кейін де көптеген мыңжылдықтар өтсе де, осыған дейін де өмір сүрген адам мен қоғамда осы иемделу принципі сақталған.
Алғашқы адам қоғамындағы қарым-қатынас бәрін жаулап алуға, иемденуге бағытталған: территорияны, тамақтарды және т.б. Қоғамның дамуымен адамдарда әртүрлі заттарға қажеттілік күшейе түсті. Өкінішке орай, бұрынғы тактика сақталады: өздеріне, жақындарына, өзінің денесіне керекті нәрсені алу, үй салу, өзіне жағдай жасау.
Адам – жармасатын, ұстайтын жан. Өзінің мүлде ұзақ емес тарихында бәрін басып алған: өсімдікті, тышқанды, қоянды, антилопты, мүйізтұмсықты, мамонтты, құлды, қаланы, мемлекетті, мұнайды, металды, мұхитты, континентті ... Дәл осы негізде әрекеттестік адам мен табиғат арасында әрекеттестік құрылды. «БЕР!» - міне бұл негізгі болған және болатын әрекеттестік нәтижесі. Бұл мүлде кінә емес, бұл заңдылық, өйткені адамның даму жасы өте қысқа.
Ұзақ уақыттан бері табиғат бізге бәрін берді, даму мүмкіншілігімен бізді қамтамасыз етті. Біз алуды үйрендік, ал кейде жетіспегенде бағындырып алдық.