Сабақтың тақырыбы: Өнер жастан шығады
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өнер ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Оқушылардың бойында білімділік, дарындылық, жауапкершілік қасиеттерді, талғам мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын дамыту. Өнерге деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін артттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өнерпаздыққа, сұлулықты сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың түрі: саяхат сабақ(Оқушылар мен жасөспірімдер сарайы)
Сабатың әдісі: топтастыру, сұрақ қою қайтадан сұрақ қою, эссе жазу
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер табыспай,
Тәлім – тәрбие бола ма?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Менің сүйікті қалам эссе жазу, слайд дайындау
ІІІ Білімді жан - жақты тексеру
Жезқазған қаласы қашан құрылған?
Жезқазғанның мәдени ошақтарын атаңдар
Қызығушылықты ояту
Ребус шешу Өнер жастан шығады
Өнерді үйрену үшін оқушылар қайда барады?
Оқушылар мен жасөспірімдер сарайы қай көшеде орналасқан?
Бұл сарай кімнің атымен аталады?
Саяхатқа шығу
Тоқтар Әубәкіров - 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1 Май ауылында дүниеге келген. 199О жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
2. Мағынаны тану сатысы
а) Мұғалімнің түсіндіруі
Өнер дегеніміз не?
Жалпы өнер атаулыға ауыз әдебиеті, ән - күйді, театр мен киноны, бейнелеу өнері мен сәулет өнері тағы басқа өнер түрлерін жатқызамыз.
Өнердің өзіне тән ерекшелігі – өмір шындығына байланысты эстетикалық қарым – қатынсын анықтау.
Өнер
Театр, кино, опера, бейнелеу өнері
балет ән - күй, көркем әдебиет сәулет өнері
поэзия қол - өнер
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы деген екен Жетес шешен.
Адам өнер, білім, ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады.
Сөз өнері
Тапсырма: Берілген жұмбақтың шешуіндегі сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу
І топ Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
ІІ топ Көзді танытқан, Ойды кеңейткен,
Сөзді дамытқан. Озықтарға теңейткен.
ІІІ топ Тілден ұшып, құлаққа жетеді
Жас математик үйірмесі (суретпен таныстыру)
Тапсырма: қызықты есептер, логикалық тапсырмалар
Жас натуралист үйірмесі
Тапсырма:
І топ Гүл - жердің көркі
ІІ топ Құстар - қанатты достар
ІІІ топ Су – тіршілік көзі тақырыбындыа эссе жазу
Мақпал би үйірмесі
Ән шырқап, би билеп, бір сергіп алайық
Мынау көзім көреген. Мынау менің жүрегім.
Жақсыларды тек көрем. Бәрі осыдан басталған.
Екі құлақ күмбірлеп, Мынау басым ақылды,
Ақыл сөзді естіген. Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Білім, өнер, еңбекті,
Осы қолмен атқарам.
Қолөнер үйірмесі
Тапсырма
І топ Аспан денелерін бейнелеу
ІІ топ Зымыранды қима қағаздан жапсырмалау
ІІІ топ Ермексаздан ғарышкерді мүсіндеу
3. Ой толғаныс сатысы
Мақал - сөздің мәйегі
Тапсырма: Берілген сөздерден мақал құрастыру, мағынасын түсіндіру
І топ қолы, алтын, өлеңшінің, сөзі, алтын, өнершінің
ІІ топ тастан, шығады, асыл, жастан, шығады, өнер
ІІІ топ мерген, сөзі, шешеннің, көзі, мерген, шебердің
Қорытынды
Өмір таны, өнер қу, Өнер сүйсең жиренбе,
Өнер табу - ол да оқу Дамыта бер, үйрен де!
Талаптансаң тартынба, Өнер алды кең ,- деп кел,
Өз күшіңе жол табу! Қалсын үлгі кейінге.
Үйге тапсырма
І топ Өнерлі өрге жүзер эссе жазу
ІІ топ Өнер, білім туралы тақпақ жаттау
ІІІ топ Қазақтың тұңғыш ғарышкері реферат жазу
Бағалау
Мақтау, мадақтау арқылы бағалау