Дауысты дыбыстардың түрлері

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу ерекшеліктерін байқату. Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге төсілдіру, сауатты, көркем жазуды жетілдіру.
Мәдениетті сөйлеуге, шыдамды болуға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндір, сто тех
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа назарын аудару, керекті құралдарын алдыру.
- Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
- Дұрыс балалар, ендеше ғұлама ақындарымыздың тілі, туған тіліміз, қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Өткенді қайталау.
Үйге берген тапсырманы сұрау а) Сұрақ - жауап әдісі.
- Біз қандай тақырып өттік?
- Ю әрпі қалай айтылады? ( қосарланып иу болып айтылады)
- Дауысты ма, дауыссыз ба?
- Ереже сұрау. - Мен сендермен дыбыс туралы қаншалықты білетіндеріңді байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.
- Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
42 әріп, 40 дыбыс.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің түсіндірмесі:
Дыбыс түрлері:

Дауысты Дауыссыз
Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа
1) кедергіге ұшырайды
2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады
3) созып айтуға келмейді.
Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,

Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын
К - дауыссыз, қатаң
І - дауысты, жіңішке
Т - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан
П - дауыссыз, қатаң
ә) Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс:
121 - жаттығу
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін (М. Жұмабаев)
Арыстандай - р, с, т, н, д, й.
Күшті - к, ш, т.
122 - жаттығу Жатқа жазу
Қырықтықта қырық қой қырықтым,
Қырық қой қырыққан соң,
Менен қырық қой үрікті.
Үнді: р, й, м, н,
Ұяң:
Қатаң: қ, т, с, к
б) 123 - жаттығу, Ребусты шешу:( қолшатыр)
ІІІ. Ойын Дыбысқа саяхат
Парта
дәптер
кеме
ІV. Венн диаграммасы
Дауысты Дауыссыз;
V. Өлеңнің ұйқасын тап:
Білім ал да ____________
________ досқа бер көмек.
Отанды сүй,___________
__________ адам бол.
VІ. Үй тапсырмасы: 124 - жаттығу.
Дауысты дыбыстардың түрлері
VІІ. Қорытынды:
Біз бүгін қандай тақырып өттік?
Дауыссыз дыбыстар не?


Скачать


zharar.kz