Қайсар рухты ақын Мұхтар Шаханов 73 жаста.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Даласындай дархан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы - Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,
Кім Мұқаңша бағындырар бағытты
Қазақ халқы – Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы - Мұхтарымен бақытты.
Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, Түрік халықтарының арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған Қайсар рухты ақын атты әдеби - сазды кешке қош келдіңіздер!
Ән: Туған күн кешінде . Орындайтын: Жақыпбекова Арайлым
Жүргізуші: Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!
Сан алапат тасыпдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттам,
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан
Бұл күндері саналы ұрпақ тараған
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.
Ән: Өмір - өзен Орындайтын Бисенова Айбаршын
Мені неге Мұхтар қойған өлеңі. Оқитын: Амантаев Байбала
Арман өлеңі. Оқитын: Автор: Бисенова Айбаршын
Қарт: Амантаев Байбала
Дойыл: Жақсыбай Данабек
Әбу: Айтбаева Мереке
Жүргізуші: Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің? дегеніне әкем: Жоқ түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жая алмаған дарақтың ғұмыры келте дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері - дейді ақын.
Отырар өлеңінен көрініс.
Жүргізуші: Бақыт деген – сенің бала күндерің
Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз - ақ ойнағаның – күлгенің - деп Мұқағали атамыз айтқандай осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе?- Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен тыңдап көрелік.
Бақыт геометриясы өлеңі. Оқитын: Жүнісбеков Мұхтар.
Ән: Гүлдәурен . Орындайтын: Молдабеков Бақдәулет.
Жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсаң деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өрені халқымның
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Желтоқсан алаңы өлеңі. Оқитын: Айтбаева Мереке
Желтоқсан тағылымы өлеңі. Оқитын: Бисенова айбаршын.
Оралу өлең. Оқитын: Асқар Гүлдана
Жүргізуші: Тамыры жаһандағы бар қазақтың
Соғады Отаным деп бір жүректің
Бостандық, Тәуелсіздік деген ұғым
Не деген қасиетті ең, құдіретті ең?
Компьютер басты жарты адамдар өлеңі. Әліпбайқызы Жұлдызай
Ән: Арыс жағасында Орындайтын: Молдабек Бақдәулет
Ән: Әке туралы жыр Орындайтын: Бисенова Айбаршын
Жүргізуші: Сағынумен күн кешем мен ертеңді
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді - Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде талай – талай мақтала берері хақ! Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой - санамызға табиғи түрде сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын құбылыс, ұлы сезім!