Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру

Скачать

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді оқушылар даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Ақпараттық технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Мұғалім тек өз пәнін терең білгірі болу емес, тарихи - танымдық, педагогикалық - психологиялық сауатты, саяси - экономикалық білімді және ақпараттық - коммуникациялық білімді және ақпараттық - коммуникациялық технологияны жан - жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.


Скачать


zharar.kz