Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшек
Сабақтың мақсаты: Жай бөлшек, бөлшектің оқылуы, жазылуы туралы түсінік беру. Екі жай санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету.
Ұлттық салт - дәстүрді насихаттай отырып білімділікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, сенімділікке тәрбиелеу.
Бөлшек жайлы білімін дамыта отырып тілдік қорын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчаттар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Оқыту әдісі: Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аудару, оқу – құралдарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұл сабақты түсіндіруде оқушыларға өздерінің күнделікті қолданатын тәтті кәмпитті айтып түсіндірген өте тиімді.
Тәтті кәмпит нешеу -----------------------------
Неше бөліктен тұрады -------------------------
Бөлшек ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте кезден бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екі жілікке, төрт аяқ бөлінген. Бір жілікті - 1 12 бөлік, бір аяқты 3 12=1 4 бөлік.
Ет мүшелеу дегеніміз - сойылған малдың етін жілік - жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелегенде осы жіліктерді буын - буыны бойынша ажыратып жіліктейді.
жамбас - 2, ортан жілік - 2, асықты жілік - 2, бел омыртқа - 1, сүбе қабырға - 2, (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға - 2, төс - 1, омыртқа - 1, жауырын - 2, тоқпан жілік - 2, кәрі жілік - 2, бұғана - 1, мойын - 1 етіп бөледі.
Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту алгоритмі:
Білім мен түсіну
1. Фигураларды боялған бөлігін үлес арқылы өрнекте.
2. Дөңгелекті төрт бөлікке бөл.
Әр бөлік қалай аталады----------------------
Бір бөліктің жазылуы-------------------------
Оқылуы------------------------------------------
үш бөлігінің жазылуы-------------------------
Оқылуы-------------------------------------------
а:в бөліндісін қалай жазамыз----------------
12 17 жай бөлшегін бөлінді түрінде жаз---------------
бөлінгіш 12 саны жай бөлшектің --------------------
бөлгіш 17 саны жай бөлшектің -------------------------
Бөлу амалының белгісі-----------------------------------
Есіңде сақта:
Бөлшектің алымы 0 болса, онда бөлшектің өзі де нөлге тең болады.