Адамгершілік - ата мұра

Скачать

ХАЛҚЫМЫЗ ҚАНДАЙ ТӘЛІМГЕР!
Бұл жинақта оқушылардың тәрбие, білім, білік, дағдыларын дамыту негізінде, иманды, инабатты, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін халқымыздың ұлағатты, маржан сөздері мен айтқан нақылдары берілген.
Мазмұны:
Кіріспе................................................................................. 3
Халық тағылымы – тәрбие бастауы............................ 4
Халық даналығы. Мақал мәтелдер............................. 9
Маржан сөздер................................................................... 12
Адамгершілік – ата мұра................................................. 13
Қорытынды........................................................................ 17
Әдебиеттер.......................................................................... 18
Кіріспе
Бұл жинақ оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу; білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру, оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулып, ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу мақсатымен жасалған.
Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді сыйлау, тыңдау, оның сөздерін еске түсіру, құрметтеу керек.
Жүсіп Баласағұни айтқандай,
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеңе білім қолды жеткізер,
Білімменен аспанға жол салынар,
- дегендей, білімділік пен ізгілікті, имандылық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыта білейік.
Осы құрал ата – аналарға, мұғалімдерге сауат ашу, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндерін оқытуда, тәрбие жұмыстарында көмекші болады.
3
Халық тағылымы – тәрбие бастауы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу; білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, үнтаспа, Абай портреті, т. б.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы, білім, ғылым туралы білу. Халқымыз жан - жақты адамды сегіз қырлы, бір сырлы дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыра біледі. Міне, осы туралы өз ойларыңды ортаға саласыңдар.
Халық тағылымы – тәрбие бастауы.
І. Аталы сөз білімді болуға бастайды.
- Қандай аталы сөздерді білесіңдер?
- Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
- Білім туралы қандай заң білесіңдер?
- Жалпыға бірдей білім алу, тегін оқу, т. б.
4
ІІ. Аталы сөз білімді болуға бастайды.
- Қандай аталы сөздерді білесіңдер?
1 - оқушы: Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
2 - оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
3 - оқушы: Кісі бірге туыспау керек,
Туысқаннан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған кәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
4 - оқушы: Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайраны болмаса.
5 - оқушы: Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақыттысы жеткенде
Қурамайтын қуат жоқ.
5
Қолданылған әдебиеттер:
1. Балдырған журналдары 2006 – 2008 жж.
2. Ұлан газеттері 2001 – 2002ж. ж.
3. Мақал – мәтелдер кітабы. Алматы, 1989
Қорытынды
Сіз деген сыпайылық,
біз деген көмек
Соншалықты мейірімін, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзімділік, ептілік, шеберлік, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік қарым – қатынаста, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген.
Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Бала тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінуіне ғана ұлттың қасиет, салт – сана, дәстүр ерекшелігін, психологияны игереді екен.
Ана тілін түсінген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам Адамгершілік деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтын болады.
17
Оқушы: Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
ІІ бөлім. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1) Білім туралы қандай заңдар білесіңдер? Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа заңының жобасы шықты. Бұл жобада білім жүйесін ынталандыру, таланттылыққа, біліктілікке, өзін - өзі дамыту, ынталандыру туралы айтылған. Әрбір заңды біліп жүру – басты парызымыз.
2) Абайдың білім туралы айтқан ойлары.
Оқушы: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Оқушы: Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар, қалан.
Оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Оқушы: Ата – салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мұғалім: Балалар, адам өміріне не қажет?
- Байлық , Бақыт , Ақыл , Данышпан .
- Ендеше оларды ортаға шақырайық.
Оқушы: Ертеде Байлық , Бақыт , Ақыл үшеуі бас қосады. Ол кез үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласын қосады.
Байлық -: (әдемі шапан, тақия киген)
- Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние – мүлікке бай, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт - шаттана былай дейді:
- Мен – бақытпын, кімнің басына қонсам, соның атын, даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеермін. Ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс деймін.
Ақыл -:
- О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосыла алмаймын. Мен – ақылмын. Адам баласы менсіз тұра алмайды. Менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпанға барайық, - дейді.
Данышпан -:
- Өмірдің өзі сабақ. Байлық - бір жұттық, Бақыт - баянсыз, Ақылдың еңбек, білім деген сүйеніші,
Оқушы: Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгеннің құруға асыққаны.
Атаға бөлінген адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Мұғалім: Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оқушы: - Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Мұғалім: Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Оқушы: - Оттан ыстық дегенім – адам өмірі,
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.
Мұғалім: Не жетім?
Оқушы: - Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім,
Тыңдаушысы
Мұғалім: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Оқушы: - Ананың сүті тәтті,
Ананың алақаны жұмсақ,
Әкенің жүрегі қатты.
Мұғалім: Не жақын?
Оқушы: - Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Мұғалім: Не қымбат?
Оқушы: - Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт – береке – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Бәрінен де ұят пен ар қымбат.
Мұғалім: Не қиын?
Оқушы: Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Мұғалім: - Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрлері, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді сыйлау, тыңдау, оның сөздерін еске түсіру, құрметтеу керек.
тіреуі, тұтқасы бар. Сондықтан да ақылды болып, еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.
Ақыл, білім болған жерде, байлық та, бақыт та болады.
Оқушы: Ақылды қасыңнан қорықпа,
Жарымас досыңнан қорық.
Ақыл, қайрат, білімді,
Тең ұстаған зор болар...
Мақал – сөз көркі:
Оқушы: Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
Оқушы: Оятқандай ой - санасын намыстының,
Үндеуі мұғалімдердің таныс бүгін.
Екі мың отызыма жол бастады,
Алғыр да адуынды ит жылы.
Оқушы: Құп алдың бағдарлама үндеуіңді,
2030 - ыма жол бастады.
Шынқожа батыр бабам қолдай берсін,
Жаңа ғасырды бастағын нық қадамыңды.
ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ
Мақал – мәтелдер
• Тәрбие – тілден басталады .
• Адам ақылымен сымбатты,
Ұрпағымен қымбатты
• Ұлы бар үйде қуат бар,
Қызы бар үйде шуақ бар
• Үш іс тындырған кісі,
Яғни бала өсірген адам,
Дараң тал өсірген адам,
Кітап жазған адам өлмейді
• Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз
• Балалы үйдің еңсесі биік
• Балаңа басқұр қалдырғанша,
Тозбас дәстүр қалдыр
• Көпке пайдаң тисе,
Төбең көкке тиер
• Қисық ағашты тез түзейді,
Қисық адамды ел түзейді
• Дұрыс қанаттанған түзу ұшар
• Азаматтың қасиеті – ерлігінде,
Елдің қасиеті - бірлігінде
Оқушы: Пайдаң тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Оқушы: Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға көп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан,
Кітап маған ұнады.
Оқушы: Бағдарлама – Қазақстан
2030 – жыл
Өсіп - өніп келеміз,
Жыл толсын тек табысқа.
Оқушы: Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Қорытынды:
Жүсіп Баласағұни айтқандай,
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеңе білім қолды жеткізер,
Білімменен аспанға жол салынар,
- дегендей, білімділік пен ізгілікті, имандылық пен адамгершілікті бойымызға дарыта берейік.
1. Хор Менің Қазақстаным
2. Әрқашан күн сөнбесін әні.
Адамгершілік – ата мұра
• Қазақ халқы ата - әже өнегесі мен тәрбиесіне көңіл бөлген. Әрі қысқа, әрі нұсқа ойлармен бағыт берген, логикалық ой жүйелеуге қалыптастырған.
• Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол! - деп, ұл – қыз тәрбиесіне түгел қатысқан. Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма , - деп, ортақ талап қойған. Мұнда ұлдың да, қыздың да ретсіз жүруі, тұруы, мезгілсіз қыдырыстың жағымсыз екенін ұқтырып отырған.
• Үлкеннің алдын кесіп өтпе
• Үлкенге сәлемдес
• Аттылының алдын кеспе
• Бос шелекпен өтпе , - деп, жол кеспеуге баулыған.
• Ат атандырма , Сағымды сындырма , Сүйек жасытпа , Сөз тасыма , - деген жүйелі сөз тағы бар.
• Бірің – бас, бірің – қол
• Апасы гүл еккенде
Сіңлісі су сепкен жөн
• Адам жақсы, бірін – бірін тілдемесе,
Кәрі жақсы, жас ісін күндемесе
• Қайғы төнсе басыңа,
Шын дос келер қасыңа
• Таптырмас байлық - татулық
• Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен
• Жігіттің күшін сұрама,
Тындырған ісін сұра
• Кәрі. Кәрінің сөзі дәрі
• Жастықта жиған білімің,
Қарттықта жұмсар мүлігің
• Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол
• Білім – қонақ,
Ақыл - қожа
• Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды,
Ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды
• Мектеп – білім ордасы,
Ұстаз – мектеп тұлғасы
• Жақсы сөз – жарым ырыс
• Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
o Сөзің қатты болса,
Ісің тәтті болсын
• Жібек белбеу – белдің көркі,
Батыр жігіт – елдің көркі
o Баланың анты – адалдығында
• Қуатты қол – құрыш,
Даналық ой - ырыс
o Үлгілі үйдің ұл – қызы ұялтпайды
• Ойлаумен ой толады,
Ойнаумен бой толады
o Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді
• Ер өлсе де, оның аты өлмейді
o Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
• Оқы да біл,
Ойна да күл.
Оқымаған, күлмеген,
Не көріп жүр?
o Отанды сүю – отбасынан басталады
• Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды
o Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы
МАРЖАН СӨЗДЕР
o Өз елім - өлең төсегім
• Ел іші – алтын бесік
o Тозған қазды топтаған қарға алады
• Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
o Күн ортақ,
Ай ортақ.
Жақсы ортақ,
Жаман өз үйіне өзі қонақ
• Еңбегің қандай қатты болса,
Жемісі сондай тәтті болады
o Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол
• Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне
o Сыйға – сый,
Сыраға – бал
• Жаным десе жан семірер


Скачать


zharar.kz