Бауырсақтың тапсырмасы

Скачать

Ақмола облысы,
Зеренді ауданы, Қызылтаң орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Байсеитова Сауле Азнабаевна

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, ойыншықтар, буындар, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақты қандай дыбыспен таныстық: \Ж ж дыбысымен\
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білейік.
- Балалар Бауырсақ ертегісін білеміз бе? Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Сол кейіпкерлер бүгін бізге қонаққа келіпті. Олардың әрқайсысының өз тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?

Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.
1. Бауырсақтың тапсырмасы: Ең, алғыр бала дидактикалық ойыны. Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ, әдемі бір гүлдің бейнесін құрап шығасыңдар. Гүлдің әр күлтешесінің астында суреттер берілген, сол суреттердің атауын атап, буынға бөліп күлтешені өз орнына орналастырасыңдар. Егер де, сендер берілген тапсырманы дұрыс, әрі қатесіз орындасаңдар гүлдің бейнесін құрайсыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!

ІІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ:
Жұмбақ шешейік.
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.(Ұя)



Скачать


zharar.kz