Адамгершілік - рухани байлықты қалай түсінесің

Скачать

Тақырыбы: Тұлғаның адамдық негіздері
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның адамдық негізде қалыптасуына әсер ететін факторлар жайлы мәлімет беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын жеткізе отырып, ақыл - ой қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс
Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау
Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта - зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі
Рухани қызмет
Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

Тұлғаның адамдық түп негізі
Рухани - адамгершілік тәрбие
Тәрбиенің негізгі мақсаты

Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт - дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім - тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.

Рухани - адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа… Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға — деген мақалдардан көруге болады. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін рухани дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық , деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі фактор – тәрбие туралы не білесің?
Тәрбиенің негізгі мақсаты не?
Адамгершілік - рухани байлықты қалай түсінесің?
Үй тапсырмасын беру: Тұлғаның адамдық негіздері
Бағалау.


Скачать


zharar.kz