Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы, №28 Ақбай жалпы ора мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Момынова Динара
Қазақ тілі 4 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын және тасымал туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс буынға бөле білуге, дұрыс тасымалдай білуге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже: Дыбыстарды ажыратады, мысалдар келтіреді, танымдылық, есте сақтау қабілеттері дамиды..
Сабақтың әдісі: Миға шабуыл әдісі, баяндау, диалог, талдау.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу
Сабақтың бағалау критериймен таныстыру.
І. Білу: Миға шабуыл : Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем дегеніміз не? Ата?
Қосымшалар дегеніміз не?
Буын үндестігі дегеніміз не?
ІІ. Түсіну
Оқулықпен жұмыс, ережемен таныстыру.
Тілімізде буын үндестігіне бағынбайтын мынандай қосымшалар бар: - мен, - пен,- бен: қаламмен, аспен; қор: еңбекқор; кер: талапкер; гер: мұра – гер; нікі: Алматінікі.
ІІІ. Қолдану. Сынақтан өткізу
1 - 2 жаттығуды орындау.
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Сергіту жаттығуы
ІV. Талдау
5 - жаттығуды жазу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда
Айсберг , Бермуд үшбұрышы туралы не білеміз?
V. Жинақтау.
Үй тапсырмасына дайындық жасау мақсатында 5 тапсырманы ауызша орындап, үйге жазбаша беру, сауатты жазу дағдысын бақылау
VІ. Бағалау.
Формативті бағалау
Жиынтық бағалау
Рефлекция.
Не үйрендім?
Не үйренгім келеді
Үйге тапсырма: Үйге: 5 тапсырма, ауызша. Келесі тақырыпқа ізденіс
Толық нұсқасын жүктеу