Сабақтың тақырыбы: Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көліктің халық шаруашылығындағы, адам тұрмысындағы алатын орнын ұғындыру. Қала және ауыл көліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, сөздік қорын, ой – өрісін дамыту, салыстырып әңгімелеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды көлік түрлерін дұрыс пайдалануға, көпшілік мінетін көліктерде әдептілік сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, салыстыру, көрнекілік Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдты суреттер, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Ойға толып санамыз Бестік болып бағамыз. Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
4 - 5 оқушыдан Қала мәтінінің мазмұны сұралады.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту Оқушыларға шашу - сұрақтар таратылады.
- Қалада халық қалай шоғырланған?
- Қаланың үйлері қандай?
- Қала жылу мен суды қайдан алады?
- Қалада нелер бар?
- Адамдар қаланың бір шетінен екінші шетіне қалай қатынайды?
- Қазақстанның ірі қалаларын ата.
- Сен қай қалада тұрасың?
- Сенің қалаңда балаларға арналған қандай орындар бар?
ІҮ. Жаңа сабақ
- Балалар, сендер жаңа қаланың бір шетінен екінші шетіне көліктердің тұрақты қатынайтынын айттыңдар. Ол қандай көліктер? (автобус, троллейбус, жеңіл машиналар)
- Бүгін тез арада Алматыға жетуің керек, қалай жетесің? (ұшақпен)
- Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің? (кемемен).
1 - слайд. Көліктердің суретін көрсетіп олар туралы сұрау. - Осы көліктерді жүру жолдарына байланысты қалай атауға болады? (Әуе көлігі, жер үсті көлігі, жер асты көлігі, темір жол көлігі, су көлігі).
2 - слайд. Суретке назар аударту. Атқа жегілген арба, ат, түйе, трактор суреті.
- Бұл көліктерді қайдан көрдің?
3 - слайд Автобус, троллейбус, трамвай, метро, пойыз. - Бұл көліктерді қайдан көрдің?
Олай болса, бүгінгі сабақта сендер қаладағы және ауылдағы көлік түрлерімен танысасыңдар. Дәптерлеріне күннің жадын, сабақ тақырыбын жаздырып, назарларын жаңа сабаққа аудару.
4 - слайд. Ауыл көшесінде атпен, түйемен, трактормен, ат арбамен, ат шанамен жүк тасып бара жатқан көрініс. Ауыл көшесіндегі жүк және жеңіл машиналар суреті. Түсіндіру.
5 - слайд. Қала көшесіндегі көліктердің қозғалысы, бағдаршам, жол белгілері. Түсіндіру.
Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді оқып беру.
- Тізбектей оқыту.
- Тауып оқыту. Қаладағы көлік тасымалы туралы айтылған тұсты тауып оқы.
6 - слайд Жұмбақ шеше білесің бе? Дәптерге жаздыру.
7 - слайд Көпшілік мінетін көліктердегі әдептілік негізінде сурет. Оқушылар ойын тыңдау. Қорытындылау.
8 - слайд Кел, ойнайық! Өрнектің мәніне сәйкес суреттерді түсті қарындашпен боя. Жол бойындағы көліктер суреті. Әрқайсысына өрнектер жазылған, өрнектердің мәні (сары, қызыл, жасыл, қоңыр) түстермен белгіленген, сол бойынша көліктерді бояу керек.
9 - слайд Арнайы көліктердің суреті Арнайы көліктерді шақыратын телефон нөмірлерін есіңе сақта:
101 – өрт сөндіру машинасы;
102 – полиция машинасы;
103 – жедел медициналық жәрдем;
104 – газ шаруашылығының машинасы;
112 – құтқару қызметі Оқушыларға кеспе қағаз түрінде таратып, жаттап алуды ескерту.
10 - слайд Не артық? Суреттегі артық затты табу.
11 - слайд Кім шапшаң? Кеменің әр бөлігін суретте көрсетілгендей боя.
Ү. Сабақты бекіту
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлерін салыстыру
Ауыл көліктері
Қала көліктері
ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
Ү. Үйге тапсырма: 134 - 135 - беттер, мәтінді оқып мазмұндау. Жұмбақтарды жаттау.