Пәні: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Текті білу тегін емес
Құндылық: Сүйіспеншілік , ақиқат
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.
Сабақ мақсаты. "Сыйластық", туыстық адамгершілік құндылықтары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру.
ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру.
ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу. Ресурстар құралдар, суреттер
Сабақтың көрнекі құралдары: тақырыпқа арналған суреттері, оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
• Балалар ыңғайланып отырады;
Қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қояды; Аяқтарын айқастырмайды;
Ә. Тәжібаевтың Атадан ақыл аламыз
Атамыз – біздің панамыз,
Атамыз – біздің данамыз,
Атадан ақыл аламыз,
Атадай адам боламыз. Үй тапсырмасын тексеру
3. Дәйексөз: "Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл
Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін – бірі сыйлап, қамқорлық жасайды
- Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себептен ата – бабаларымыздан Жеті атасын білмеген жетесіз - деген мақал күні бүгінге дейін жеткен. Жеті ата – ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Олардың бір – бірінен қалай таралатындығын мына өлең арқылы оқып түсінеміз Дәйек сөздің мағынасын
түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу
4 Әңгімелесу
Мәтінмен жұмыс. Е. Өтетілеуовтың
Текті білу тегін емес атты өлеңді оқушыларға түсіндіру
Текті білу тегін емес.
Бабамнан басталар.
Өз жұртым мыналар:
Ең жақын адамдар -
Әкем мен Анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі.
Ақ шашты Әжем бар.
Әкеге мен – бала
Атаға – немере.
Немере баласы
Болады шөбере
Шөбере баласы
Шөпшек деп аталар
Шөпшектің баласы
Немене саналар
Осы ұрпақ жалғасы
Жеті ата бола алар.
Жеті ата дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Мұғалім сыйы Әңгімелесу.
Сұрақ - жауап
Мәтінді оқып беріп түсіндіру.
Жеті қазынаны ата.
1. Ер жігіт 2. Мылтық 3. Әйелі (ана) 4. Қыран бүркіт 5. Ақыл білім 6. Ит
7. Жүйрік ат
Мақал - мәтелдер
1. Ағайын – туыс
2. Алты аға бірігіп әке болмас,
Алты жеңге бірігіп ана болмас.
3. Аға – бордан, іні – зордан.
4. Ағайын ала болса
Ауыздағысынан айырылады.
5. Ағасы ақылдының ауылы азбайды, Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.
6. Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.
6. Шығармашылық жұмыс.
Бірінші топқа: Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол
Екінші топқа: Балаларымыз қуаныш әкелсін
Үшінші топқа: Қыздарымыз есті болсын, Ұлдарымыз сесті болсын
- Балалар, ата – бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатына сенді. Баланың бақыты - ата – ананың, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол деген осы. Ал Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл деген, өзіңнің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата – бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың солай қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашанда ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн. Жеті қазына туралы
түсінік беру
Мақал мәтел айту.
Топпен жұмыс
7. Топпен ән айту. Қазақы дастарқан
Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан.
Дастарқан - ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей - ей - ей!
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан - ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан, Ән салу
8. Үй тапсырмасы Жеті атаға жататындар:
1. Ата 2. Әке 3. Бала. 4. Немере 5. Шөбер 6. Шөпшек 7. Немене
Атадан - әке, әкеден - бала, баладан – немере, немереден – шөбере, шөбереден – шөпшек, шөпшектен - немене.
Неліктен текті білу қажет
Сендерге үлкендердің ата тектерің туралы айтып сендерден сұраған кездері болды ма? Жазып келу, жаттау
9. Соңғы тыныштық. Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма тұжырым жасау