Біреуде олақ

Скачать

Жұмбақтар (дене мүшелері жайлы)

Қанша ғұмыр кешеді,
Сонша ғұмыр өседі. (Шаш)

Өзгені көріп екеуі,
Бір - бірін көрмей кетеді. (Көз)

Күні бойы тынымсыз қаққан,
Түнде діңкелеп қыбырсыз жатқан. (Кірпік)

Барлығын тыңдар,
Ізетті мұндай,
Айтшы, кім бар? (Құлақ)

Оңқай біреу,
Солақай біреу,
Бір - біріне сүйеу. (Қол)

Пұшық келсін,
Дөң келсін,
Жаманы жоқ,
Дем берсін. (Мұрын)

Оймақтайы бар, дүрдигені бар,
Кезергені бар,
Боялғаны бар,
Сүйілмегені бар, сүйдіргені бар. (Ерін)

Пышақ десең жөн емес,
Бірақ пышақтың кем емес. (Тіс)

Біреуде шешен,
Біреуде олақ.
Біреуде ұзын,
Біреуде шолақ. (Тіл)

Осы кезбе екеуімен,
Талай жерге жетемін мен. (Аяқ)

Дем алуды білмейтін,
Еңбекқор бұл дейтін (Жүрек)

Өзіне ауа,
Жетсе дауа. (Өкпе)

Ескен Елубаевтың кітабынан алынды.


Скачать


zharar.kz