Бір шайнаймын,
Бір шайнағанды
Мың шайнаймын. (Сағыз)
Бір тетігін басқанда,
Алып шықты аспанға.
Басып тағы байқап ем,
Жерге түстім қайта мен. (лифт)
Ұшағым бар кіші,
Мінбейді еш кісі. (Инелік)
Пішен емес шабатын,
Отын емес жағатын.
Бірақ, одан қашпайсың,
Айлап орып тастайсың. (Шаш)
Тарғыл түсті,
Ерен күшті. (Жолбарыс)
Жандылардың ірісі,
Тек мұхитта тынысы (Кит)
Өзі темір,
Өз жеңі.
Есіктерді
Ашар не бір (Кілт)
Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек (Емізік)
Ащы да болса, құмарсың,
Асыңа қосып тұрасың. (Бұрыш, пияз)
Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан. (Шырпы)