Балалармен дұрыс қарым - қатынас орнықтыра білу

Скачать

Атырау облыстық №3 арнайы мектеп - интернаты
Дайындаған: І топ тәрбиешісі У. К. Қосжанова

Баяндама
(педагогикалық кеңесте оқылған)

Тақырыбы: Тәрбиешінің нәтижесі – сапалы тәртіп қалыптастыру
Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпал оқулықтармен де, жақсы әдет - ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие. (К. Д. Ушинский)

Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу - тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиешісі жас ұрпақты жан - жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиешісінің міндеттері:
а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;
б) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;
в) Балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;
г) Балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата - аналармен жұмыс жүргізеді;
д) Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.
Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші – әдепті, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі, тәртіпті, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым - қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі – жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жаманды да тез қабылдайды.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс - тұрысын жөнге салып, балалар іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
Арнаулы білім, білік пен іскерлік – дағдыны меңгеруі керек;
Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
Ол өзінің көзқарасымен, ым - ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
Жұмысты ұйымдастыра біле, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс - тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім – тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Жаңашыл педогог Ш. А. Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог - тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар - намысын, атақ - даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Тәрбиеші – педагогтың бейнесі:
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс - тәсілдерін жетік білуі.
Материалды түсінікті жеткізе білу.
Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс - әрекетін дұрыс бағалай білуі;
Тәжірибелік білім - білік дағдыларды қалыптастыра білуі.
Өзінің іс - әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:
Кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
Балалармен дұрыс қарым - қатынас орнықтыра білу;
Ата - аналармен тіл табыса білу;
Сөйлеу мәдениеттілігі.


Скачать


zharar.kz