Балаларды сабаққа әзірлеу

Скачать

Тақырыбы: Сандар қатары
Мақсаты: 10 санына дейін ретті және кері санау қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде тез ойлап, дұрыс шешім табуға үйрету. Зейінділіктерін арттыру.
Көрнекілігі: Үлкен ойыншық қоян, әдемі қорапша, қалташалар,
Жайлау суреті , төрт - түлік төлдерінің атрибуттары, кеспе сандар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Балаларды сабаққа әзірлеу.
Математика сабағындағы өткен сабақ тақырыбын қайталау, айту, еске тусіру.
2. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе.
Тәрбиеші:
- Арайланып таң атты
Алтын шапақ таратты.
Қайылы таң, балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Балалар, бізге қоян сабағымызға қатысуға келіпті. Оның қолында қорапшасы бар екен. Ал қоян бізге не үшін келді екен. Ол келесі жылы мектепке дайындалып сендер сияқты сабақ оқып, орман мектебіне барғысы келеді екен. Сол үшін мына қораптағы тапсырмаларды орындауға көмектесіңдер дейді. - Ал қане, балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Иә.
- Ендеше қарайық қоянның тапсырмалары не жайлы?
(қорапшада конверт алып қарау. Сандар қатары. Сандар әлеміне саяхат туралы екен.)
1 - тапсырма. Жылдың 4 мезгілін ата? Қазір жылдың қай мезгілі?
Сергіту сәті
Ал санайық, санамақ.
Саусақтарға қарап ал.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымдағы саусағым нешеу.
2 - тапсырма. Жайлауға малдарды төлдерімен бірге шығар.
(Санату, неше мал жайылып жүргенін өрісте. 10 жануар.)
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
3 - тапсырма.
“Көршісін тап”.
1 3 5 7 9
2 4 6 8 10
Сергіту сәті
Кәне, қанат қағайық.
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
- Балалар, сандарды санадық, сандарға байланысты ойындарды ойнадық, енді, осы сандар туралы санамақтар білесіңдер ме?
Сан санайық мүдірмей,
1 - санамағы.
Мені келсең білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап.
Ең басында тұрмын.
2 - санамағы.
Бірден кейін тұрамын.
Сандар іші тұрағым.
Бірді, бірге қосқанда
Мен иіліп шығамын.
3 - санамағы.
Екіден соң әрқашан.
Үш санымен шығамын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4 - санамағы.
Үш сызықтан таяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы.
Төрт түліктің аяғы.
5 - санамағы.
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті.
Санасаң қолдың саусағын
Оңай табасын бесті.
6 - санамағы.
Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын
Басым бір боп басталып
Нольмен бітер аяғым.
7 - санамағы.
- Қара мына қызықты
Кесуді кім ұмытты
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
8 - санамағы.
- Менің атым сегіз,
Жетіден соң деңіз
Жазылғанда қос дөңгелек
Мен шығамын сегіз.

4 - тапсырма. Ойлан, тап!
Балалар, енді біз қоян әкелген математиқалық жұмбақ есептерді
Шешіп көреміз.
*Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық?
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық (1) (Суретпен түсіндіріп, есептету)

*Бақшаға жақсы аға,
Көп - көп ойыншық
Келді алып
1 - балық, 2 - машина
Қанша болды, ал сана? ( 3) (Ойыншықпен)
Қонжық екеу.
Табаны нешеу. (8) (Ойыншық аюмен)
Сергіту сәті.
Топ - топ, топ – топ басайық.
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса жарқын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
5 - тапсырма.
Математика дәптерімен жұмыс.
Суреттерді бояту.
6 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: “Адасқан сандарға көмектес”.
(Сандарды реті бойынша үйлеріне орналастыру)
1 5 7 10 8 2 4 9 3 6

Тура, кері санату.
Сабақты қорытындылау.
Міне, балалар, өте тамаша сабаққа қатысып, қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Өздерің білетіндіктеріңд іайтып, ойлы, тапқырлықтарыңды, қандай қиын тапсырманы да қорықпай орындайтындарыңды да көрсеттіңдер.
Рахмет.


Скачать


zharar.kz