Дамытушылық - ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, Тәрбиелік - оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Скачать

Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Шежін орта мектебінің мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі
Абдықалықова Толқынхан Даулеткелдіқызы

Естен кетпес отты жылдар
(Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесу кеші)
Мақсаты:
Білімділік - оқушыларға аға - апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту.
Дамытушылық - ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу,
Тәрбиелік – оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар оқушылар.
-- Біз бүгін Ұлы жеңістің 70 жыл толу мерекесіне арналған Естен кетпес отты жылдар атты мектеп оқушыларының, еңбек тыл ардагерлерімен кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

2. Гимн орындалады.
3. Баяндама. Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс
Осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн - түн демей еңбектенді. Оған достарымызда, дұшпандарымыз да куә.

1. Тарихи мәліметтер.
Мұхамет
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Соғыс жылдары республикадан 1, 996, 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанның соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен.

Тұмар
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы 4 ұлттық атты әскери дивизиясы, 7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлыттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскер түрлерінің 50 - ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды.

Еламан
Соғыстың алғашқы жарты жылында Қазақстаннан майданға 632 134 адам кетті.
Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьхов түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасын да ерлік көрсетіп қаза тапты

Тұмар
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы 4ұлттық атты әскери дивизиясы, 7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлттық атқыштар бригадасы бар. Әр қилы әскер түрлерінің 50 - ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды.

Гүлім
Жалпы соғыс жылдары Қазақстандық 5 әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың тумаларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлердің, ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде 8 - гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон кейінен дивизия командирі Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдуллиннің есімдері орын алады

Гүлнур
Әзірше анықталған мәліметтер бойынша соғыстан 410 мың Қазақстандық жауынгер оралған жоқ.
Бұған республикадан тыс жерлерде жүріп соғысқа кеткендер, еңбек армиясынан оралмағандар, соғыс жарақатынан кейінірек қайтыс болғандар енбеген.
Ұлжалғас
Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2, 5 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 млрд. сомнан астам қаражат берді.

Дархан
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандардың ішінде 26638 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97 – сі қазақ 142 жауынгер Даңқ орденің толық иегері болды.


Скачать


zharar.kz