Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін әртүрлі психологиялық ахуал түрлерін қарастырдым. Топқа бөлудің мынадай түрлерін қолдандым. Жемістер мен және екінші сабағымда көкөністермен бөлдім.
Оқушылар бұл сабақта көбінесе ауызша жұмыс жасады. Өйткені бұл сабақта тек бала тілін дамытуға арнайы суреттермен жұмыс жасау ұсынылған. Оқушы бойында қызығушылықты арттыратындай етіп, сыни ойлау тапсырмаларын бердім.
Қағаз бетіне көкөністерді немесе жемістерді қиып желім мен флипчартқа жапсырту. Немесе саусақ моторикаларының дамуына байланысты ермексазбен жапсырмалау жұмыстарын қарастырдым. Сабақтардың барысында 7 модульдер қамтылған. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, білім беру білім алудағы жаңа әдіс тәсілдер, білім беру және басқару көшбасшылық. Нәтижесінде оқушылар бойында топтық жұмыстарға үйренісу және сабаққа деген қызығушылықтары басым екендігін байқадым.