Толып жатқан тісі бар, Ағашпен ісі ара бар

Скачать

Толып жатқан тісі бар,
Ағашпен ісі ара бар. (Қол)

Бір зат бар тілі жоқ,
Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)

Беретұғын балы бар,
Шағып алса – зәрі бар. (Бал арасы)

Іші қызыл, сырты көк,
Ала жаздай үрдім доп (Қарбыз)

Төбесінде – шашағы,
Кеудесінде – масағы. (Жүгері)

Көктемде ол бір еді,
Күнде мың боп түледі. (Дән)

Жаңбыр жоқта бұғады,
Жаңбыр жауса – шығады. (Жауын құрты)

Өзі жып етеді,
Ізімен жіп өтеді. (Ине - жіп)

Киіміңнің,
Бұйымыңның
Жатқызады тігісін,
Жатқызады қыртысын. (Үтік)

Тізбек үйлер көшіп жүр,
Жолын жұрттар тосып жүр (Жолаушылар пойызы)

Авторы: Абдрахман Асылбек
Жетпіс жұмбақ


Скачать


zharar.kz