Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрнекілігі. Түрлі қанатты сөздер. Желтоқсан желі ызғарлы , 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні , Тәуелсіздік монументінің суреті Желтоқсан құрбандарының суреттері. Қайсар рухты Қайрат бүктемесі.
Ортада С. Тұрысбековтың Көңіл толқыны күйі жәймен ойнап тұрады.
Жүру барысы:
: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жаңартаудай жойқынмен жұқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
Қазақ болу зор бақыт күндер тіпті.
І – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 – ның желтоқсанына арналған Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ІІ – жүргізуші: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді.
Студент
1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: Тәуелсіздік керек! қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Коммунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға Бұзақылар , Ұятшылдар , Нашақорлар деген кінәлар тағылды.
І – жүргізуші: Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бар күнде,
Қайғыға халық батқан күн
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала еткен күн
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн
ІІ – жүргізуші: Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Адал мен арсыз, аярды,
Айырып халық ұққан күн.
Саф алтындар бәз баяғы
Сары жез болып шыққан күн.
Көрініс: Сахнаға екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.
қыз: Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.
ұл: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
қыз:: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
ұл: Неге? Неліктен?
қыз: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Кураторымыз ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
ұл: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
І – жүргізуші: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер контрреволюционер емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын Құйын - 1986 деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
Көрініс: Қазақ жастарының алаңға шығуы
Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында Каждому народу – своего вождя , Ленин идеясы жасасын , Қазақстан - қазақтардікі , Ресейге қайт деген транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп қосылды.
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!
Бір топ:
Естідіңдер ме?
Бұл не масқара!
Неге халықпен санаспайды?
Қашанғы шыдаймыз?
Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.
сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды
Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар.
Осы кезде залда әскери команда беріледі.
Әкери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция Құйын . Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура!
Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды
Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!
\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\
Студент
- Бар болғаны осы еді қылмысымыз,
Савицкий көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы танылғанда,
Аң - таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.
Темір құрсау біздерді бүргені шын.
Мұң шағады қапаста кімге құсың.
Ақ - қараңды тексерер түрме деген,
Концлагерь болды ғой біздер үшін.
\Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға сүйреп әкеліп, тепкілеу, айқай - шу, алаң қызыл қанға боялады
ІІ – жүргізуші 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті. Өмір - өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық
(1 минут үнсіздік).
І – жүргізуші Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылмас барлық шарасы.
Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер контреволюциөнерлер емес - еді.
Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.
ІІ – жүргізуші Түн кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз - жігіттердің қатігездік жасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рысқұловта бар еді.
Тұтқынға түстім жаутаңдай
Жолама ешкім қасыма
Бара салсаң сәлем айт
Елдегі құрбы досыма.- деп мұңая жырлаған албырт жас, ел жаңа - жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.
Көрініс: Қайраттың тұтқындалуы
( Үй іші қалаша жиналған. Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырды.)
Нағашысы: Қайрат - ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың - ау өзің..
Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.
Ән: Желтоқсан желі
Нағашы: Астан алыңқыра. Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой. Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен. Айта отыр көңілдене түсейік.
Қайрат: Иә, нағашы, бар ғой бар.
(Осы кезде есік қағылып, үш - төрт милиция үйге кіріп келеді.)
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз. Прокурордың санкциясы бар, Міне,
Екі жігіт Қайратқа: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі; Ойбай - ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке - шешесіне не бетімізді айтамыз?
Милиция: Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық - қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.
Қайрат: Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер - ай, айтып - айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен анамды сағындым
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Көрініс: Қайраттың жауабы
(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, түрме жыры өлеңін оқып
шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді.)
Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!
Кезекші: аключенный Рысқұлбеков на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!
Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)
Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де.
Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой! Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын? Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.
Тергеуші: Заключенный Рысқұльеков! Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында. Бұл бір. Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі. Түсіндің бе мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата - анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ қой.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бесте жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Әскери адам Қайратты теуіп, ұрып: екі сағат уақыт беремін деп шығып кетеді. Сол кезде аула сыпырушы ағасына Қайрат:
Ағатай, мына хатты анама жеткізіңізші.
Сыпырушы: жоқ болмайды, менің басым кетеді.
Қайрат: Ағатай сіз менің соңғы үмітімсіз, жеткізіңізші - деп рахметін айтады.
Сыпырушы: жарайды, бірақ мен сені, сен мені көрген жоқсың - деп шығып кетеді. Анасы хатты алып оқыған кейпінде қолына қағаз алып жылап тұрады:
Құрметті қаракөз қарындастар, Анашым мен жылы жүзді жеңгелер!!!
Анашым менің сізді көктемнің алғашқы күлімдеген халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Асыл анашым, мына хат сіздердің қолдарыңа жетер, жетпесіне кім біледі. Дегенде жетсе, сендерді жақсы көретінімді айтқым келеді. Сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін. Әттең, сенші маған жаман ешнәрсе істегенім жоқ, кісі өлтірді деп жатқандары жала, менің айыбым ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. Алаңға шыққан әр бір қызды қарындасымдай көрдім, оларды мұзға отырғызып, шаштарынан сүйреп, үстеріне су шашқанда, ағатайлар көмектесіңдер деп құлын дауыстары шыққанда ет жүрегім езілді. Уақыт өтер, бәрі өзгерер, әлі, еліміз Егемендікке қол жеткізсе, бейбіт заман орнайтынына сенемін.
Хош бол, анашым!
Хош бол, қарындастар!
Хош бол, халқым!
Анасының қолынан хат түсіп қалады: Құлыным, балам деп жылайды.
Мылтықтың атылған даусы естіледі.
Ән: Желтоқсан желі
І – жүргізуші Пешенесіне жазылған азғана ғұмырдан соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Оған бағыттылған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа терілген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси “Саяси көз қарастыларға” арналған оқ еді. Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірі “ұлтшыл” атанып, осы келуі ғажап емеспін.
ІІ – жүргізуші Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.
Жел кірді көңіліме жиырма бірде
Айдады ерікке қоймай несібе
Желпілдеп, желдім неге несіне
Түседі ау адасқаным енді есіме -, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесінде ҚР 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды ау жанды батпан мұң.
Енді қайтіп келмесін
Ән Қазақстаным
І – жүргізуші Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа - Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
ІІ – жүргізуші Осымен бүгін желтоқсан оқиғасына арналған Желтоқсан жаңғырығы жадымызда атты кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін колледжіміздің директоры Ихсанов Бекболат Оразұлына береміз.
Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!