Ақша дегеніміз – тауардың тауары, оның өз бойында түрде барлық басқа тауарлар болады , егер керек болса , қызығарлық және тілегн заттардың қандайына болса да айнала алатын сыйқырлы құрал .Құнының ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға пайда болады . Баға – құнның ақшалай көрінісі . Оның құнын жоғары да , төмен де , тең де болуы мүмкін . Бұл өз алдына талдауды талап етеді . Табиғат өздігінен ақшаны да , банкирді де туған емес . Эканомиканың қатынастардың дамуы мен байланысты алтынға да осындай қасиетті қоғам берген . Адамдардың алтынды ақша ретінде қайталануы , оның осы қасиетін түсіндірген . Сондықтан, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесін жеке дара бөлініп шығып , жалпы эквивалент рөлін атқарады . Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар .
Ол нақты бір заттың , қоғамдық тұтыну құнының болатындығын ;
Онда абстракты еңбек болатындығын ;
Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатынын көрсетеді ;
Тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама – қарсы қаишылықта тұтыну құны арқылы көрінеді . Мысалы ; өндіруші қоғамға қажетсіз тауарды шығарса , ол сатылмайды , оны ақшаға айналдыра алмастырады .
Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамның қажетті де оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны болып есептеледі .
Егер жеке қажеттілікті қанағаттандырса ол тез арада өтіп кетеді , ақшаға айналады . Міне , тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама-қайшылық осылай түсіндіріледі . Ақша тауарлы шаруашылыққа адамдардың қоғамдық қатынастарын бейнелейді . Яғни , ақша- зат емес , адамдардың арасындағы айналыс құралы . Ақшаның қызметі ; құн өлшеуші , айналыс құралы, төлем құралы , қазына жинау , дүниежүзілік ақшалар .
1. Құн өлшеуші - ақшаның ең бірінші және басты қызметін атқарады .
Мұнда ол жалпы эквивалент қызметін атқарады . Оның мәні барлық
Тауардың құны ақша арқылы анықтады . Мұндай қызметтің өзіндік құны
бар . Бұны тауар ғана атқара алады . Бұдан шығатын қортынды , бар
жағдайда құн өлшеуші қызметін алтын ғана атқара алады .
2. Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір
тауарға тікелей айырбасталды .(Т-Т ) , бірғана тауар айналымына (Т-А-Т)
яғни ақша арқылы тауар аралық , яғни айырбас қызметін атқарады .
Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша не ақша белгісі қажет ,өйткені
Тауар нақты ақшаға , ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі .
3. Әсіресе, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен эканомикалық қатынастар шеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөль атқарады . Бұл жерде қолма – қол ақшаға байланысты міндеттері емес . Оның қызметін кредиттік ақшалар атқарады . Соңғы кезде айырбас құралы ретінде тек қана банкноттар ,
чектер , қағаз ақшалар емес , кредиттік карточкалар да , кеңінен дамуда
қазына жинау тауар өндірудің обьективті қажеттілігінен туындайды ,
әрбір тауар өндіруші өзіне -өзі тауарлардың өту - өтпеуіне қарамастан
қандай жағдайда болсын , басқа бір тауарды сатып аларлықтай , кез –келген затқа әрдайым айырбастан белгілі бір мөлшерде ақша қоры
болуы шарт . Тауар ақша қатынастарының шеңберінен шығып , дүниежүзілік рынокты қамтмасыз етуі оның дүниежүзілік қызметін
көрсетеді .Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен байланысты ол өзінің ұлттық мундирін алып тастап, алғашқы бағалы металдар қорытпалы түрінде
қызмет атқарады: 1. халықаралық төлем құралы.
2. халықаралық сатып алу, сату құралы.
3. қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.
Қағаз ақшалар өте ертеде Қытайда даму алған . Олардың металл
ақшалар айналысын айырбас құралы ретінде атқаратын қызметінен
шыққан . Өйткені металл ақшалар айналыс қызметін атқара отырып ,
тұтынуда тозады , салмағы кемиді , құны азаяды .
Монетаның номиналды және нақты мазмұнының айырмашылықтары бар . Сөйтіп келе – келе олардың орнын қағаз ақшалар басқан . Егер қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл ақшаның нақты сатып алу қабілеттілігі олардың номиналдық алтын (Жекелік құқық бұзушылық кодексінің 13 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық )мазмұнына сәйкес келетін болады . Ал егер ақша массасы тауар массасынан көп шығарылса, онда ол құнсызданады, инфляцияға ұласады. Инфляция белгілі елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамасынан тыс көбейтіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы. . Инфляция қағаз ақшаның алтынмен сылыстырғанда құнының төмендеп кетуінен туады, тауарлар бағасының көтерілуіне әсер етеді. Осыған байланысты қағаз ақшаның ресми құнын өзінің түұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналыстан шығарып оның орнына толықтыратын құнды кредит билеттерін шығару (ашық девольвация), яғни айналыстағы қағаз ақшаның ресми құнын төмендету (бүркемелідевольвация) мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту және оның шетел валютасымен қатынас курсын төмендетеді.
Ревальвация – ақша курсын көтеру. Алтын не шетел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша курсының өсуі. Ревальвация ақшаны тұрақтандыру мен бағаның инфляциялық өсуіне қарсы ықпал етуінің белгілі бір әдісі. Сондықтан ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлық дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент ролін атқарады, бүкіл тауардың құнын өлшеуші.
Ақша техникалық құрал емес, ол экономикалық катагория. Адамдар арасындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді. Ақша қатынастарының сипаты тауар өндірісінің типімен анықталады. Сондықтан ақша қызметінің әр қилы өндіріс тәсілдеріне ұқсастықтарына қарамастан әлеуметтік – экономикалық мәнінде ерекшеліктері орын алады.
Тауар өндірісі капиталдық өндіріс әдісіне өздерінің дамуының жоғары түрінде қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы бақшагерлердің натуалды шаруашылықтары - өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңьек бөлінісің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлінісі өндірістің өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс салаларында, әсіресе, өнеркәсіпте өте көрнекілікпен байланысты. Мысалы, салалық және ішкі салалық мамандарын айтуға болады, машина жасауды алар болсақ, мұндағы мамандану өте тең ауқымды. Энергетикалық машина жасау, көліктік машина, тракторлы машина жасау, автомобиль және т. б. Тамақ өнеркәсібінде нан жабу, қант кондитерлік тағамдар, шай, шарап, ет, сүт өнеркәсібі т. б.
Тарихи тағлымның көрсеткеніндей, таур өндірісінің пайда болуы төмендегі үш жағдайда жүзеге асырылады.
Ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
Алғашқы тұрмыстың қауымдық қойнауында және меншіктің пайда болуы;
Тауар өндірушінің экономикалық оқшаулануы;
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталдық. Олар бір типті, себебі, оның негізінде өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншік және ол екеуі де өнімді сату үшін өңдеді. Соған қарамастан олардың өз арасында принципті айырмашылықтар бар. Жай тауар өнірісі өнім тауарды өндірушінің өзіндік еңбегімен жасайды. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталдық тауар өндірісі өнімді өндіріс құрал-жабдықтарды жалдамалы жұмыспен жасайды.
Сөйтіп, қазіргі нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын, шаруапшылықтың жоғарғы тауарлық деңгейінің және тауар өндірушінің экономикалық оқшаулануының негізінде қолданылады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік арқылы деген сөз. ҚР – да жалпы еңбекке қабілетті тұрғындарының сандарының 10-15 процент мөлшерде атомдық кәсәпкерліктің әлеуметтік тобын қалыптастыру қарастырылған. Бұл шамамен 100-120 мыңдай кәсіпкерлікті құрамақ. Экономика игілінің ерекше түрі «тауар» жиынтығы . Күнделікті өмірде біз «тауар» сөзін қолданамыз. Оның мағынасына аса мән бермейміз және бұл ұғымды зат, өнім сөздеріне баламалаймыз. Қазірде «тауар» тым ерте дүниеде пайда болды. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе сөз алатын болсақ «мүлік», «жақсылық» деген мағынаны білдіреді. Ал теориялық экономикада «тауар» сөзі ерекше мәнге ие болады. Адамдар қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес басқа да адамдардың тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін не сатып алуға – сатуға бағытталған.
Құн – бұл тауарға сіңген қоғамдық еңбектің айырбас арқылы байқалады. Карл Маркс құнды адамдар арасындағы қатынас деумен қатар, оны заттық қорғаныс қатынасы деп толықтырды.
Заттардың пайдалылығы оладың адамдардың анау-мынау сұранымын қанғаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады.
Құн айырбас құнымен тығыз байланысты. Құн – тауарлардың негізгі ішкі қасиеті болып табылса, айырбастау құны – бұл құнның сыртқы негізгі қөрінісі болып табылады.
Құн мен ақша ұғымы жүрген жерде әрқашан да капитал ұғымы бірге жүреді. Капитал дегеніміз де ақша, бірақ адамдардың еңбегінің арқасында пайда болған ақшаның қоры. Ақша айналасының нәтижесінде капиталдың үлкен қоры пайда болады. Ал капиталдың қорлануы біздің экономикамызға оң әсерін тигізері белгілі нәрсе.