Атырау қаласы,
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Биология пәнінің мұғалімі Уразғалиева Мейрамгүл
Қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Сабақ тарықырыптары
1. Астық тұқымдастар (6 сынып)
2. Сүтқоректілер немесе аңдар класы (7 сынып)
Сабақ тақырыбы: Астық тұқымдастар (6 сынып)
Жалпы мақсат: Дара жарнақтылар класы, астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау.
Сілтеме: Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков Биология 7 - сынып
Оқыту нәтижесі: Астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін түсінуіне; ақпараттарды саралауға қабілетті сыни ойлауға; өзіндік дербес шешімдер қабылдай алуға; өз бетімен жұмыстарының нәтижесін білу; білім деңгейін бағалауға көмектеседі.
Сабақта қолданылатын материалдар: А4 парақтар, үлестірме мәтіндер, сызбанұсқалар, постерлер, желім, интерактивті тақта, слайдтар.
Оқыту әдістері: Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер, сыни ойлауды дамыту, АКТ, диалог
Психологиялық ахуал туғызу Амандасу
Топтастыру
Тапсырмалар: Оқыту барысындағы мұғалім әрекеті, жетелеуші сұрақтар
1 тапсырма
Сұрақ - жауап
Жеке жұмыс Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі:
1. Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ бергілерді атауға болады?
2. Пияз тұқымдастардың маңызы қандай?
3. Фитонцид деген не?
4. Інжуғүлдің ерекшелігі туралы не айтуға болады?
2 тапсырма
Мәтінмен жұмыс Астық тұқымдастар мәтіні таратылады. Оқушылармен талқыға тарта отырып, оқу мақсатын айқындайды
3 тапсырма
Белгілерді ата
Топтық жұмыс Берілген үлестірме парақтардан астық тұқымдастарға тән белгілерді табу:
- шөптекті өсімдік
- тіршілік формасы – ағаштар мен бұталар
- жапырақтары доға жүйкелі
- жапырақтары – қатар жүйкелі, жапырақтары күрделі
- жемісі - дәнек
- жемісі - тұқымша
- гүлшоғыры – себетгүл
- гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ
- гүлінің формуласы -- Гс 2 А3 Ж(1)
- гүлінің формуласы - Гс 3+3 А3+3 Ж1
- сабағы - бунақты сабансабақ
- гүлдері - тілшелі, түтікшелі
- гүлдері екі кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады
- тамыр жүйесі – кіндік тамырлы
- тамыр жүйесі - шашақ тамырлы
4 тапсырма
Өсімдік гүлшоғыр Сызбанұсқа бойынша сәйкестігін табу
5 тапсырма
Шындық және жалған Сөйлемдердегі қатені (егер болса) түзетіңдер:
1. астық тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады
2. астық тұқымдастарда тамыр жүйесі – кіндік тамырлы.
3. құмай жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдік.
4. бидайдың жемісі – дәнекер
5. екпе күріштің дәнегінде 9 - 12 пайыз нәруыз болады.
6 тапсырма
Өсімдік – тұтас ағза Постермен жұмыс
Өсімдік мүшелерін құрастыру
Рефлексия Бағдаршам
Қорытындылау Алдын - ала талданып жазылған оқу мақсатына оралу, бағалау.
Үйге тапсырма § 32. Астық тұқымдастар
Ы. Жақаев, Ш. Берсиев туралы шағын мәнжазба жазу