Туған жерге тағзым атты өнер фестивалінің сценарииі
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, өнер сүйер халқым!
2 - жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
1 - жүргізуші: Бүгін Ұзын - Ата мектебінде үлкен мереке!
2 - жүргізуші: Олай болса, Туған жерге тағзым атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Ендеше фестивальға келіп отырған қонақтарымызбен таныс болыңыздар.
1. Балалар саз мектебінің директоры, қазылар алқасы төрайымы: Жораева Асия Бахадүрқызы
2. Оқушылар үйінің директоры: Жиенбаева С.
3. Балалар саз мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдиева Ақтолқын
4. Балалар саз мектебінің ұйымдастырушы педагогы: Кәрібаева Манат
2 - жүргізуші: Шырқап ән түгел дауыс көмекейден,
Сайра тіл ағыл - тегіл, салған жерден.
Келіңдер кел, жолдастар ән шырқайық,
Жойқын үн жатсын жарап біздің елден.
1 - жүргізуші: Арта берсін байлығы дәулетің
Бағын тапқан ата - баба әулетің!
Күннен күнге өсе берші көркейіп
Қазақстан – менің Атамекенім.
Хор: Е. Хасанғалиевтің әні Атамекен .
2 - жүргізуші:
Қазақстан,
Пай, пай, пай!
Ардағым - ай!
Сен менің шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай.
Ән: Қазақстаным Димаш Құдайберген репертуарынан орындайтын
6 - сынып оқушысы Аралбайқызы Ақбота.
1 - жүргізуші: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау - көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.
Туған жер Қазақстан - елім менің
8 - сынып оқушысы Қарымсақ Ақүміттің орындауында Қазағым әні.
2 - жүргізуші: Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Қазақ халқының биі Шалқыма орындайтын Баян сұлу бишілер тобы.
1 - жүргізуші: Туған жер - бақыт ордасы, сол себепті туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка ал кейбіреулер көкірегіндегі ойларды жалынды сөздермен, әдеби тілмен жеткізеді. Олай болса кезекті мәнерлеп оқуға береміз.
1. 6 - сынып оқушысы: Аралбайқызы Ақбота Төрт ана
2. 7 - сынып оқушысы: Қадірбай Әсем Туған жер
3. 8 - сынып оқушысы: Мысқалбай Мерей Атамекен
Мысқалбай Ақбота Сен қазақсың . Жанабіл Мөлдір өз шығармашылығынан Қазақстан
4. 9 сынып оқушысы: Тұрсынбай Зухра өз шығармашылығынан Туған өлкем - неткен көркем .
5. 9 - сынып оқушысы: Ешберген Фариза Қазақстан
6. 10 - сынып оқушысы: Қалдар Артықай Қазақ тілі
2 - жүргізуші: Мерекең құтты болсын туған өлкем
Гүлдене бер бұтақ жайып өсіп өркен.
Бүгінгі күнің бізді қуантады.
Болашағың бұдан да болсын көркем.
Сахнада Жорға биі орындайтын Ақсымбат би тобы.
1 - жүргізуші: Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Құтты болсын мереке шашулары.
Бар өнер, ән - биіміз сіздер үшін.
Сіздер үшін әншілердің асыл әні
Ән: Туған жер дуэт орындайтын Совет Ақерке, Құттымұрат Индира.
2 - жүргізуші: Ата бабам қаны тамып өткен жер
Қиындықпен, азаттықпен жеткен жер!
Ақ әжелер, қариялар бас қосып,
Салт - дәстүрін мәңгі сақтап өткен жер.
Көрініс: Қалқаман - Мамыр (Үзінді 10 сынып оқушылары).
1 - жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары, жаны, жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі - деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Ұлт аспаптар ансамблінің орындауында халық әні Сәулем - ай орындайтын дуэт Амантұрлы Гүлмира, Көпжан Айжан.
2 - жүргізуші: Ынтымақ, достық, береке -
Бағымыз біздің жайнаған.
Ынтымақ бақыт, дарыған -
Шаттыққа толы мереке.
Сахнада өзбек биі Бу хоет орындайтын Ай ару тобы.
1 - жүргізуші: Туған жер күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйсе сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ, басқа абырой,
Жетіп жатыр, тек өзің ұлым десең!
Ән: Батырлар ұраны орындайтын 6 сынып оқушысы Кененбай Ырысдәулет
2 - жүргізуші: Өнерге нәр беретін шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып қыздарыңыз шықты міне,
Қонақтар қошеметпен қарсалады.
Би: Ұлытау орындайтын Жұлдыз тобы.
1 - жүргізуші: Өнер десе өрілген,
Биіктерден көрінген.
Өнерпаздар шығады,
Өнерімен көрінген.
Сахнаға Акрабаттарды қарсы аламыз.
2 - жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
Ән: Мен қазақпын әнімен Жаңабай Нұрқанатты шақырамыз.
1 - жүргізуші: Отан дегеніміз әр адамның туып өскен жері. Адамдардың жақсы бақытты өмір сүру көп жағдайда отанына деген сүйіспеншілігіне байланысты
2 - жүргізуші: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деген. Туған жер кіндік қаның тамған, туып өскен жерің.
1 - жүргізуші: Білігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берші, жайнай берші жарық күн!
Ән: Жаса Қазақстан орындайтын 6 сынып оқушысы Убайдулла Рауан.