Тақырыбы: "Жабайы аңдар"
1) Мақсаты: Балаларды ормандағы жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Әр аңның ерекшеліктерін түсіндіру, аңдардың іздерін салуға үйрену, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, эстетикалық талғамдарын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер амандасу
Қайырлы таң апайлар
Қайырлы таң балалар!
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінде үш ай бар.
- Қазір қай ай?
- Мамыр
- Дұрыс айтасыңдар балалар!
- Өте жақсы. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін қалай білетіндеріңді байқау үшін мен сендермен сөйлемді жалғастырамын.
Мен сендерге сөйлемнің басын айтамын, сендер сөйлемді жалғастырып айтуларың керек.
2) Тәрбиеші: Көктемде.
Күн жылынады.
Құстар оралады.
Қар ериді.
Ағаштар бүршік жарады.
Жаңбыр жиі жарады.
Малдар төлдейді.
Адамдар жылы киінеді.
Гүлдер шыға бастайды.
Өте жақсы. Аңдар көктем мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
Көктем туралы тақпақтарға тоқталу қызықты сәті: қоянның келуі.
Сәлеметсіздер ме балалар.
Балалар сендер орманға барғыларың келе ме?
- Иә.
- Олай болса шарттарымды орындаңдар, сендерге жұмбақ айтайын.
Жұмбақтар.
1. Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.(Аю)
2. Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері бір шу.(Түлкі)
3. Далада жүр шапқылап,
Керемет бір саққұлақ.(Қоян)
- Өте дұрыс шартты орындадыңдар. Орманда қандай аңдар кездесетінін білдіңдер. Бұлар жабайы аңдар екен.
3) Екінші тапсырма.
Жабайы аңдар туралы тақпақтар білесіздер ма?
- Аю туралы.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
- Түлкі туралы.
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.
- Қоян туралы.
- Жарайсыңдар балалар. Сендер аңдар туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Балалар ендеше қоянның көңілін көтерейікші. Балалар қоянмен бірге сергіту жаттығуларын жасап жіберейікші. Балалар осы қоянның жүрісін жасап жіберейікші.
- Біз өзіміз жүріп кеткен соң не қалады?
- Ізіміз.
- Дұрыс ізіміз қалады. Сол сияқты аңдар да із қалдырады екен.
Ендеше балалар ақ қағаз бетіне қоянның ізін салып көрсетейін. Балалар бәріміз суретке назар аударайық.
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Қоян.
- Қоянның жейтін тамағы не?
- Сәбіз.
- Өте тамаша, жақсы.
4)- Енді осы суреттегі іздерді салайық.
- Балалар жарайсыңдар.
Қорытындылау.
- Балалар бүгін не туралы айттық?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
Дидактикалық ойын."Орнын тап"
Балалар қоян сендерге көптеген үй жануарлары мен жабайы аңдарды ала келіпті. Балалар орнын табуды тапсырып отыр.
Балалар осымен сабағымыз аяқталды.