Сабақтың тақырыбы: XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының ішкі жағдайы. Тәуке ханның XYII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты. Қазақ хандығының ыдырай бастауы. Сырттан төнген қауіп – қатердің күшеюі.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың еліміздің өткеніне тарихи мәліметтер беру, егеменді еліміздің мемлекет болып қалыптасуындағы тарихи деректер жайлы ой бөлу.
Тәрбиелік: оқушылардың еліміздің өткеніне қызығушылығын. Патриоттық, ұлттық сана – сезімнің оянуына тәрбиелеу.
Дамытушылық: әртүрлі ақпараттарды талдау негізінің бастапқы белгісі бойынша топтастыру; себеп – салдар деректерін келтіру; зерттелмеген деректермен жарналықтарға өз көзқарастарын айта білу.
Әдісі: зерттеу, әңгімелесу, түсіндіру.
Формасы: топтық, жеке
Мұғалім: Балалар, адамзат тарихы – әр – түрлі мемлекеттердің, халықтардың тарихы.
1. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі?
Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру;
2. Тәуке ханның билік еткен жылдары
(1680 - 1715)
3. Тәуке хан тарихта Жеті жарғы хандар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезіңде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді би кеңесін құрамында биледі ата.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды.
Слайд №2 Карта (Қазақстан жеріндегі ежелгі мемлекеттер).
1. Осы тайпаларға тән қандай ортақ белгілер болды? (Жауаптар: бір тілде сөйледі, бір мәдениеті болды, шаруашылықтары бірдей – ұқсас болды).
2. Тәуке ханның XYII ғасырдың бас кезіңде сыртқы саясатының ерекшелігі неде.
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатымен және ықпалды сыртқы саясат жүргізді.
3. Тәуке ханның тұсындағы жауынгерлік жасағы қанша мыңға жуықтады.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды.
Мұның өзі жатжерлік басқыншыларына тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді.
Балалар, енді осы ортақ белгілерді айта келе қандай қорытынды жасаймыз - соны өз топтарында талқылаңдар. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Мұғалім: Дұрыс. Біздің сабағымыздың тақырыбы: - XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Слайд№3
Мұғалім: Балалар, бұл тақырыпқа арналаған көптеген ғылыми жұмыстар, тарихи деректер бар. Сабақтың мақсатын неден деп ойлайсыңдар? Сендерге алдын - ала әр топқа тапсырмалар берілген. Бүгінгі сабақта әр топтар қатысады.
Сонымен, Орталық Азия саяси картасында Қазақ хандығы қандай жағдайды пайда болғаны туралы әр топтар таныстырады, мұқият тыңдап негізгі фактілерге назар аударыңдар. Сұрақтар дайындаңдар
1. Қазақтардың қару – жарағы ерекшелігін түсіндіру маңыздылығы анықта.
Көшпелілер өздерінің қару – жарығы болуын мәртебе санады. Мәселен, қару - жарағы жоқ қазақтар құрылтай жиласына жіберілмеді. Өздері туып - өскен кең – байтақ даланың әр жерді қорғап қалу жолында жиі - жиі күреске шығуға тура келді.
2. Әскери әдет - ғұрыптардың ерекшелігін түсіндір.
Ежелден келе жатқан әскери әдет – ғұрып жоралғылары елеулі мән беретін. Ежелден келе жатқан әскери әдет – ғұрыптардың бірі – алғадай. Соғысатын жақтар әдетте ұрыс басталар алдында өздерінің батырларын жекпе – жеке шайқасқа шақырады. Онда жеңілген жақтың аты мен қару – жарағы олжаға алынатын. Ондайда көбінесе жас та ер жүрек жауынгер шығарылатын.
Салыстырмалы таблицаны толтыру - топтарда жұмыс. Слайд №4
Мұғалім: Тарих ғылымында Қазақ хандығының құрылған уақыты туралы көптеген ғаламдар жазады. Мысалы, ғалым Ақышев: Қазақ хандығы 1428 ж. Құрылды деп жазады...
Осы көзқарасқа қалай қарайсыңдар?
Интернеттен, басқа ақпараттардан бірқатар ғылыми жұмыстармен танысты. Сендерге тапсырма: Қандай тарихшылардың көзқарастарын келісесіңдер - келіспейсіңдер соған жауап берсеңдер .
Енді әр топтың оқушыларына сөз берейік.
Мұғалім: Қазақ хандығының құрылуы, XYII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының маңызы неде деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптары, пікірлері тыңдалады.
Үй тапсырмасы: шығарма – эссе жазып келу.