Білім берудегі білім сапасының жоғарғы деңгейінен көріну зор мақсаттар мен дамудың алға жетелеуші құралдарының бірі болып табылады

Скачать

Математика пәнінің мұғалімі:
Имангалиева Бекзат Гилмановна

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Қазақстан білім берудің ұлттық жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру қызметтерінің қол жетімділігі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Білім берудегі білім сапасының жоғарғы деңгейінен көріну зор мақсаттар мен дамудың алға жетелеуші құралдарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін дамыту нәтижесі ретінде білім алушылардың білім және қабілет сапасын, білім беру деңгейін ұлттық емтихандар ғана емес, сонымен қатар халықаралық тәуелсіз мониторингтік зерттеулер арқылы да анықтайды. Білім алушылардың білім беру жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпарат, білім беру мазмұнын жетілдірудің шынайы құралы болып табылады.

Мен жуырда Алматы қаласында өткен ТIMSS халықаралық зерттеулерінде математика бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу жолдары атты семинарға қатысып, көп әсер алдым. Осы әсерімді әріптестеріммен және аудан мектептерінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен семинар өткізіп бөлістім.

Қазақстанның білім сапасын бағалау халықаралық зерттеулердің (TIMSS, PISA, PIRLS) нәтижелері отандық білім жүйесін халықаралық негізге сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады. Халықаралық зерттеулерден біз мектептегі білім беру жүйесін жаңғыртудың ғана емес, сонымен қатар халықаралық тәжірибелер туралы бірігей ақпарат ала аламыз. Қазақстандық білім алушылар Халықаралық зерттеулердің екі кезеңіне қатысып, зерттеуге қатысушы 65 мемлекеттің білім сапасын салыстырмалы бағалау нәтижесіне арналған, Халықаралық есебінен көрініп отыр. Халықаралық есебін негізге ала отырып, зерттеулер кезеңіне сәйкес талданып, елімізде Ұлттық есебі дайындалып, шығарылған. TIMSS, PISA зерттеулерінің Ұлттық есебі аналитикалық ақпаратты қазақстандық оқушылардың нәтижелерін қарастыру стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. Ұлттық есепте қатысушы елдердің мектеп бағдарламаларына салыстыру жүргізіліп, оқушылардың білім беру жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері көрсетілген, зерттеудің құрамдас бір бөлігі ретінде қатысушылар сауалнамаларын өңдеу нәтижелері де ұсынылады. Сонымен қатар, TIMSS - 2015, PISA - 2015, PIRLS - 2016 зерттеулеріне дайындық мақсатында Халықаралық зерттеулер бойынша Әдістемелік құралдары педагог қауымына ұсынылып отыр.

2012 - 2016 жылдарға арналған Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық іс - әрекет жоспарының орындалуы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы 2013 жылдың сәуірінде еліміздің барлық аймақтарында 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін тәуелсіз мониторингтік зерттеу өткізілген. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау - тоғызыншы сынып оқушыларының жаратылыстану - математикалық дайындығы мен оқу сауаттылығын және олардың алған білімдері мен дағдыларын тәжірибелік қолданысқа жаратуға дайындығын анықтау. Тестілеу нәтижелері қосымша жүргізілген сауалнамадан алынған оқушылар жөніндегі мағлұматтар призмасы арқылы қарастырылған. Зерттеудің құралы халықаралық тәжірибеде қолданылатын тәсілдерге сүйене отырып дайындалған және Қазақстандық мектептерге арналып бейімделген. Алынған сауалнаманың оқушылардың әр түрлі әлеуметтік демографиялық сипаттамаларын қамтитын жауаптарын анализдеу барысында 9 сынып оқушыларының өзіндік әлеуметтік суреті жасалған. Зерттеуді өткізудің бірден бір себебі - кері байланысқа қол жеткізіп, нәтижелердің сауалдарын мониторингтеу болып табылады.

Барлық оқушылар жоғары білікті, тиісті білімі бар, дағдылары қалыптасқан мұғалімнен білім алуға құқылы. Зерттеулерге сәйкес, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіпқой мұғалімдер жұмысы тиімді болу үшін жеке немесе топпен бірге өз жұмыс тәжірибесі мен құндылықтары туралы рефлексия жасап отырулары қажет. Сондай - ақ өз ісіне берілгендік, психологиялық тұрақтылық пен кәсібіне құрметпен қарау тиімді мұғалім мен табысты оқытудың шешуші сипаттамасы болып табылады, ол уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Мұғалімдердің ұзақ уақыт бойы өз ісіне беріліп жұмыс істеуі және өзгеріс кезінде туындайтын әр түрлі проблемаларды қалай шешетіні оған мектеп көшбасшылары мен әріптестерінің қалайша көмек көрсетуіне де байланысты болмақ.

Оқушы іс - әрекетінің жетістігін өлшейтін ақпаратты жинап, талдап және түсіндіруге мүмкіндік беретін баға, оқыту мен үйренудің құрамдас бөлігі болып табылады. Өкінішке орай, дәстүрлі бағалау әдістері білім беру реформаларына кедергі жасайды және білім беру мен үйренуге кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бағалау концепциялары педагогикалық білім беруге дайындау мен қолдану барысында тиісті жинақталмаған. Білім беру саласында бағалаудың маңыздылығына қарамастан көптеген мұғалімдер бағалауды дайындау және талдауға бағытталған дайындықтан өтпейді. Осы салада білім алмағандықтан мұғалімдер көбіне басқа мұғалімдердің (сонымен қатар өздері оқушы болған уақыттағы мұғалімдерінің) сыныптағы бақылауына негізделген бағалауға шамадан тыс сенеді және өзінің жеке басының тәжірибесіне сүйене отырып бағалайды. Қазіргі таңда мұғалімдердің бағалау туралы қалыптасқан түсініктерін қайта қарап, оларға бағалаудың баламалық қатынастарын жасауды үйрету қажеттілігі туындап отыр. Мұғалімдер сыныптағы тиімді бағалау туралы білулері қажет. Бұл интерактивті сессия сыныптағы бағалаудың негізгі салаларын қамтиды және сыныптағы бағалауды тиімді пайдалануға байланысты тәжірибелік ұсыныстар береді. Тақырыпты талдау барысында мұғалімдерге сыныптағы бағалау тәжірибесін жақсарту үшін көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылады.


Скачать


zharar.kz