Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет.
Білім бөлімі: математика, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: 1 - 10 - ға дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе сандар, суреттер
Барысы: Балалар бүгін біз Математика патшалығына саяхат
жасайық. Қане, дайынбыз ба?
1 - кезең. Санды тап ойыны
Слайд 1 көрсетіледі.(балалар сандарды атайды.)
Қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді. Балалар осы сандар туралы санамақ білеміз бе? Кім айтады?
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
Суретпен жұмыс.(заттардың санын санау )
Ал енді кері санайық. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
2 - кезең. Кім жылдам? ойыны Слайд 2 көрсетіледі (балалар артық затты табады.)
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қарындаш )
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде.
Бірін - бірі көрмейді.
(көз)
3 - кезең. Ойлан тап.
Слайд 5. ( сандарды қосып, теңдіктің шешуін дәлелдеу.)
4 - кезең. Адасқан сандарды тауып, сұрақтарға жауап беру.
1. Көп саннан азға қарай сана
2. Қайталанған санды тап
3. 7 - ден үлкен санды тап
4. 7 - ден кіші санды ата
5. 3 - тен кіші санды тап.
5 - кезең. Тиісті таңбаны қой, есепті шығар.
Жауабын тексер.
Міне, балалар өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!