Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

Скачать

Пәні: Математика
Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу.

Мақсаты: білімділік: Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлуді есептеулерде пайдалана білу, оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Оқушыларға тақырыпты меңгерту, ой тұжырымдарын жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру. Іскерліктеріне, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру. Шамаларды салыстыра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ көрнекілігі: Компъютер слайды, тес тапсырмалары, топтама қағаздар
Сабақ барысы: І. Қызығушылықты ояту
а) Сабаққа керекті құрал - жабдықтарды дайындау, оқушылардың сабаққа белсене араласуын, зейін қойып тыңдауларын талап ету.
Б) Үй тапсырмасын тексеру
1.№959 - №960 есептерді тексеру
ІІ. Мағынаны тану
Топтастыру стратегиясын пайдаланып Санды теңсіздіктер тарауында не
өтілгенін анықтау.

2. Санды теңсіздіктерді қосу
а в қосылғыш теңсіздіктер аd + св+d қосынды теңсіздік а+св
- св - d айырма теңсіздік

ІІІ. Жаңа сабақ

а в көбейткіш теңсіздік
х с d
ас вd көбейтінді теңсіздік
Санды теңсіздіктерді бөлу үшін:
1. Бөлгіш теңсіздіктің мүшелерін оларға кері сандармен алмастырып, теңсіздік белгісін қарама - қарсы белгіге өзгерту керек.
2. Бөлінгіш теңсіздік пен бөлгіш теңсіздік белгілерін бірдей теңсіздік белгісімен жазу керек.
3. Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктерді мүшелеп көбейту керек.
Тарихи мәліметтер
Теңсіздіктер ерте заманда – ақ белгілі болған. Евклид пен Архимед шығармаларында көптеген теңсіздіктер келтірілген.
Теңсіздік таңбасын 17 - ғасырда Ағылшын ғалымы Томас Гарриот енгізген.
Адамдардың күнделікті өмірінде теңдіктерден гөрі теңсіздіктер өте қажет болды. Теңсіздіктердің қажеттілігі:
Тек математикада ғана емес теңсіздіктер экология, экономика, халық шаруашылығындағы байланыстарда қажет болып табылады. Теңдіктер теңсіздіктерден жасалады
Ой қозғау
Санды теңсіздіктерге өмірден мысалдар келтіріңдер
ІV. Есептер шығару
Оқулықта берілген №962 -№968 есептерді шығару
№964
Бөлінгіш теңсіздік Бөлгіш теңсіздік Бөлінді теңсіздік
16 12 6 4
153
28 24 7


Скачать


zharar.kz