Рахмет бөьектерім

Скачать

Кабинет тақырыпқа байланысты безендірілді.
Мақсаты: Күз мезгілінің қырың – сырын жете меңгере білуге баулу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Тілін, ойын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, күз айлары, мәтел.
Ұйымдастыру.
Оқушылар музыкамен сыныпқа кіреді.
Оқушылар сыныпқа кіргенде не байқадыңдар?
Ой толғау.
- түрлі түсті жапырақ
- табиғат құбылыстары
- жасырынған сөздер
- суреттер
- мақал - мәтелдер
- болжамдар
Балалар тақтаға қараймыз, табиғат бұрышына зер саламыз.
Күз айларын атаңдар.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
жасырын дыбыс табайық, қандай дыбыс?
Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған.
Балалар қандай жапырақтар жасырынған.
- жасыл, қызғыш, сары.
Осыларға сай айларды апарып тапсырамыз.
1. Қыркүйек айында қандай мерекелер бар?
2. Қазан айында қандай мерекелер бар?
3. Қараша айында қандай мерекелер бар?
Мол азық - түлік, үстіне жеміс - жидек, арқалаған дорба (ішінде жақылдар, кітаптар т. б.) сыныпқа келді.
Бұл кім келген?
О – КҮЗ!
Ж: Дұрыс балалар! Бүгін біздің сыныпқа да, ел байлығын арттырған берекелі күз де келді.
ХОР: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
АЛТЫН КҮЗ.
- Амансыңдар ма балалар!
Мен де асығып келдім. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Балалар мен сендерге бос келген жоқпын, өзіммен бірге
ойындар, жұмбақтар, күзгі сыйлықтарды алып келдім.
Мұғалім: Рахмет, Алтын күз!
КҮЗ: Балалар көктемде салған дән, күзде көп егін болып жиналады.
Күздің ең бірінші байлығы не? (НАН)
ХОР: Ас атасы – нан.
Мұғалім сөзі.
Алтын күз! Біздің оқушылардың сізге арнаған тақпақ, өлең, билерін
тыңдап, тамашалап көріңіз.
(Алтын күзге орындық алып беріп отырғызамыз).
с е р г і т у с ә т і.
Қоюланып тағы бұлт
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып
Жата қалды көбелек.
1. Тақпақтар.
2. Өлеңдер хормен айтылады.
Мұғалім.
Шат көңілді балалар!
Шаршағанды білмейді.
Алтын күздің құрметіне
Жапырақтар биін билейді.
Жемістер - биі.
КҮЗ: Ал, енді балалар, міне қарандаршы, мен сендерге не алып келдім.
(жапырақтарды балаларға көрсетіп шығады).
Қазір осы жапырақтармен ойын ойнаймыз.
Кім шығады?
Төрт бала шығады. Ойын 3 рет қайталанады.
Кім тез, көп жинаған оқушыға сыйлығын береді.
КҮЗ: Рахмет! Рахмет бөьектерім!
Сендер мені қуанттыңдар. Күз туралы көп біледі екенсіңдер, көп
нәрсе үйрендіңіздер.
Мен сендерге ризамын.
Мұғалім: Рахмет, Алтын күз!
Ақтарды мырза күз,
Уылжыған жемісті.
Күзге бізде ризамыз.
Рахмет, Алтын күз!
Жиын - теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман дән толған
Қай мезгіл деп ойлайсың
Оқушылар: КҮЗ.
Осымен Алтын күз ертеңгілігі аяқталды.
Үйге тапсырма: Күз суретін салу.


Скачать


zharar.kz