Бағдаршамның сары түсі дайындал

Скачать

Тақырыбы: Жол атасы - бағдаршам
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.:
Өтілу барысы: Қалалық жерде жол апаты көп болып жатқандығы, жол ережесін дұрыс білмегеніміздің нәтижесі. Көптеген көліктің нәтижесінен жол апаты болады, жүргізушілер жол ережесін сақтамағанның нәтижесі. жол апатына жол бермес үшін жол ережелерін есте ұстауымыз керек. Бүгін біздің тобымызда Жол атасы - бағдаршам сұрақ - жауап, әңгімелесу, ой қозғау тақырыбында өткізілмекші.

Өмірдің өзі бағдаршамға ұқсайды екен - ау! Бағдаршамның жүр! деп жасыл түсі жанғанындай, өмірге кел! деген бұйрықпен жарық дүние есігін ашамыз. Бағдаршамның сары түсі дайындал! дегенді білдіретіндігіндей, өмірге келген адам өлімге қарай қадам басып, жалғаннан мәңгілікке кетуге дайындалады. Бағдаршамның Тоқта! дегенді білдіретін қызыл түсі жанғанындай, күндердің бір күнінде тағдырдан Тоқта! деген бұйрық келеді. Жолдың ар жағына өткен адамдардай біз де өлімнен кейін әлдеқайда бет аламыз. Не жұмақтан, не тозақтан тұрақ табарымыз Алладан басқасына аян емес.
Бағдаршамдағы сары түстің ұзақ жанбайтыны бәрімізге белгілі. Адамның өлшеп берілген ғұмыры да көзді ашып жұмғандай тез өте шығады.
Бүгін бізге қонаққа жол дорба келіпті. Жол дорбаның дайындап келген жұмбағы бар екен, жауабын тауып берейік.
Инабат: Қызыл көзім тұр дейді
Сары көзім дайындал дейді
Жасыл көзім зула дейді
Бұл не?
- Балалар: бағдаршам
Әсет: Менмін бағдаршам
Кезек - кезек жанған шам
Менмін бағдаршам
Жөн сілтейтін бағдар шам
Жөндеп қара ал маған

Құндыз: Ей, жолаушы зула аман
Көшеңменен тыңдаған
Бұрылыста жалма жан
Жөндеп қара ал маған

Айнара: Сары шамым жанғанда
Аялдауға қамдан да
Қызыл шамым жанғанда
Аялдап көз сал маңға
Айдана: Жанса көзі жасыл
Жолың айдай ашық
Жүре бергін батыл
Керегі жоқ сасып
Еңілік: Светофор аты
Көк көзі бар батыр
Тоқ болғанымен заты
Өзінде көп ақыл
Жансен: Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын болғын
Қорытынды: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтайтын көмекшіміз. Жолда жүру ережесін бұзуға жол бермейік.
Қатысқандарыңызға рахмет.


Скачать


zharar.kz