Дария басы - бұлақ

Скачать

Бұлаққа бұлақ қосылса,
Егізбіз дейді.
Көлге көл қосылса,
Теңізбіз дейді.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Жаңбыр жауса — жер тоқ,
Егін ексе — ел тоқ.
Бұлақ ақса — көл тоқ.
Еңбек етсе — ер тоқ.

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.

Бұлақ суын теңіз төрге сүйрейді.

Ілім - бұлақ,
Білім - шырақ.

Бұлақ басынан былғанады.

Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.
(Патай — бұрыш қосқан тағам)

Бұлақ өзін көлмін дер.

Дария басы – бұлақ.

Аттың көркі
Құйрық - жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.

Білім — бұлақ.


Скачать


zharar.kz