Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым - қатынасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. Хабар ел жаңалықтарынан...
4. Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан және Қазақ - қалмақ қатынастары тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
1. Картамен жұмыс:
Картадан Башқұртстанның қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның мемлекеттік құрылымы жөнінде не білесіңдер?
Қалмақ хандығының географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда болу тарихы.
1. Қалмақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
2. XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?
3. Қазақтар мен башқұрттар арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктері жөнінде не білесіңдер?
4. Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
5. Қазақтар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп - салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге көмектеседі.)
6. Карточкалармен жұмыс.
№1 тапсырма. Тарихи тұлға .
- Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет - ретімен қойып шығыңдар.
№2 тапсырма. Қазақстан XVIII ғ. ортасында деген тақырып бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау