Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

Скачать

№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Избулова Гүлдана

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар туралы мағлұмат беру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, сәйкестендіру кестесі, ойын элементтері, стикерлер, магнит
Оқытудың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын тексеру
№ 696, 701
Миға шабуыл: 1. 2 - ге қандай сандар бөлінеді?
2. 3 - ке қандай сандар бөлінеді?
3. 10 - ға қандай сандар бөлінеді?
4. 5 - ке қандай сандар бөлінеді?
5. 3 - тің квадраты неге тең?
6. Жай сан дегеніміз не?
7. Құрама сандар дегеніміз не?
8. Құрама санды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?

1. Жаңа сабақты меңгерту:
1) Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.
Мысал: ЕҮОБ (8, 14, 22) = 2
2) Ең үлкен ортақ бөлгіші 1 - ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.
Мысал: ЕҮОБ (120, 40, 20) = 20
3) Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші сол сандардың жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.
Мысал: ЕҮОБ (18, 66, 330) = 6
Оқулықпен жұмыс Кубизм әдісі
№ 710 - 712жазбаша тақтада орындау
№ 714 өздіктерінен
Жалауға кім бұрын жетеді? Ойыны

Математикалық лото ойыны І топ

Шарты: Оқушыларға жеке - жеке карточкаларға мына сұрақтар жазылады. Осы 6 карточканың сыртына тұтас бір сурет салынады. Мұғалім осы тапсырмлардың жауаптары жазылған жауаптар таблосын даярлап, оны тақтаға іліп қояды


Скачать


zharar.kz