Іңкәр көңіл, нәзік сезім атты дөңгелек үстелКіріспеМұғалім бұл пікірталасты өзі тақырыбын ашып оқушылармен жүргізеді

Скачать

Тақырып: Іңкәр көңіл, нәзік сезім атты дөңгелек үстел
Кіріспе
Мұғалім бұл пікірталасты өзі тақырыбын ашып оқушылармен жүргізеді.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Сүйе алмаған жан - өмір сүре де алмайды деп Раймон Луллип айтқандай егер өмірде нәзік сезім болмаса өмірдің мәні болмас еді. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбын Іңкәр көңіл, нәзік сезім деп алдық. Осы дөңгелек үстеліміздің мақсатына тоқтала кетсек, махаббаттың жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу болып табылады.
Мәтінмен жұмыс
Дөңгелек үстеліміздің тақырыбын ауқымды түрде ашу үшін ең алдымен бәріміз оқулықтан 98 беттегі Г. Сайынқызының Күн ұрланған күн әңгімесін оқып өз ойымызды айтып пікір алмасайық.
Ойланайық, пікірлесейік
Оқушылар 2 - топқа бөлінеді.
Қанеки оқушылар біреуіміз қысқа және тез өз түсінігімізді айталық.
1. Күнай өз сезімін білдіре алды ма?
2. Ол сырын кіммен бөлісті?
3. Қалай ойлайсыз сіз Күнайдың орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?
Мұғалім екі бөлінген топқа төмендегі сұрақтармен қоса бір - бір ақ парақ таратып береді. Әр оқушы өз ойларын ауызша ашық айтып білдіруге немесе жазбаша түрде жазып берулеріне де болады.

1 - қазақ қыздары тобы
1. Сырыңды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?
2. Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?
3. Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?
4. Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?
5. Алғашқы махаббат адамға қай жаста келеді?
6. Барлық адам алғашқы махаббатын кездестіре алған ба?
7. Сезім әр кез екіжақты бола ма?
8. Қызбаланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
2 - қазақ жігіттері тобы
9. Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба? (тырысасыз ба?)
10. Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
11. Махаббат адам өміріне, оның айналасындағы әсер қандай?
12. Махаббатсыз өмір бос деген пікірмен келісесіз бе?
13. Мектеп жасында оқушылардың бір - бірін ұнатуы дұрыс па?
14. Бозбала мен бойжеткендер арасында достық болуы мүмкін бе?
15. Ғаламтор арқылы адамдардың арасында нәзік сезімнің пайда болуы мүмкін ба?
16. Өзіңе Маған мейірім - шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім? – деген сұрақ қойып көрдің бе?

Бейне роликке назар аударайық
Бейне роликте ертедегі үлкендердің қыз баланы сыйлауы құрметтеуі мен ер жігіттеріміздің қадір қасиеттері көрсетіледі.
Қорытынды
Жаңа бейне роликте көргендеріңіздей үлкендеріміз қашанда қыздарымызды сыйлаған. Ал қыздарымыз ер жігіттеріміздің биікке қойып құрметтеген. Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым - қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне балауса сезім, алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл - күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен, іңкәр көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындайды. Сөзімнің соңында өсіп келе жатқан жастарымызға қазағымыздың бойында бар сабырлық пен ізеттілікті, адамгершілік қасиеттерін берік ұстанса екен деп тілегімді білдіремін.


Скачать


zharar.kz