Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекіліктер, жартылай - ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.
Ресурстары: интерактивті тақта, 6 сыныптық оқулығы Тұрсынғалиева С. Ч., Қ. Әбдезұлы Арман ПВ баспасы 2009 жыл. Қазақ ертегілері жинағы Алматыкітап ААҚ 2004 жыл.
Мазмұны: 1. Ертегілер
Морфологиялық карта
№
р с Тақырыбы Өмірге қажетті ақпарат Басқа пәндерде кездесетін ақпарат Жалпы ой - өрісін дамыту үшін ақпарат
1. Ертегілер Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді. Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі, Танымдық қабілетін, ой - қиялын, тіл байлығын дамыту
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру: а) Амандасу ә) Түгендеу б) Ой қозғау
II. Тақырыпқа енгізу Қане жауап ізделік
- Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
- Ауыз әдебиетін халық не үшін пайдаланған?
- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
- Өзге халықтарда ертегілер бар ма?
- Ертегілер қалай басталып немен аяқталады?
- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?
1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
- Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар
- Өнер алды – қызыл тіл
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)
ІІІ. Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті
(Тақтада халық ауыз әдебиеті . Тармақтарын оқушылар толтырады.)
мақал – мәтелдер жұмбақтар Батырлар жыры
Тұрмыс салт - жырлары аңыз әңгімелер төрт түлік туралы жырлар
Талдау
Суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Ғажайып ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы. Ертегіде ғасырлар ізі жатыр. Ертегіде халықтың тыныс - тіршілігі, тарихы, салт - санасы, әдет ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты жатыр
Ғажайып ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс
Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр
Ертегілер:
Хайуанаттар туралы ертегілер
Қиял – ғажайып ертегілері
Шыншыл ертегілер
ІV. Синтез
Шежіре ағашы
Тамырлары - Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).
Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандаған( мәселе – адамдардың арман - тілегі, мұң - мұқтажы)
Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т. б.)
V. Үйге тапсырма. Өздеріңе ұнаған ертегілерге шағын шығарма жазып келу.
VІ. Бағалау