Қарлығаштар тобы

Скачать

Мақсаты: Балаларды жарыстыра отырып, көңіл – күйлерінің көңілді болуына, дененің шынығуына шапшаңдыққа, төзімділікке, достыққа баулу және жалқаулықтан арылту үшін.
Қатысушылар: Жалқаубек, Ересек топтардың балалары.
Жүргізуші: Балбөбек, балалық шақ балдырған,
Келер күндер шығады сенің алдыңнан.
Елге тұлға ұлан болшы, балақан,
Биікке ұшар қыран бол сен, балапан!
Олимпиада биі орындайтын Гүлдер тобының қыздары.

Сайыскерлерді ортаға шақыру: 1. Қарлығаштар тобы.
2. Көбелектер тобы.
3. Бақалар тобы.
Жалқаубек: (Қолында рогаткасы бар, балаларға артымен келіп). Ой, жақсы болды тағы бір жаман қылық жасадым, торғайдың ұясын бұзып тастадым! (Артына бұрылып балаларды көреді). Мәә, осы жер маған керегі.
Жүргізуші: Қай жер?
Жалқаубек: Қай, қай осы жер, балалар көп жер. Мен мына балалардан өзіме көмекші дайындаймын.
Жүргізуші: Сен өзікім баласың, қай баласың?
Жалқаубек: Мен, мен Жалқаубекпін. Естіп едім осы жерде жарыс па, ойын ба болып жатыр деп?
Жүргізуші: Бұл жерде балалардың жарыс, ойындары болып жатыр. Біздің балаларымыздың денелері шыныққан, себебі олар спортпен айналысады.
Жалқаубек: Ой, мына құрттақандай балалар спортпен айналысады ма? Менің күлкімді келтірмеші, бұл балалардың аузына соска беріп қою керек.
Жүргізуші: Тұра тұр, тұра тұр? Бұл балалардың өскенін сайыста көруіңе болады.
1. Ойын: Жалаушаны алу .
Жүргізуші: Көрдің бе біздің балабақшаның спортсүйер балаларын, ұнады ма?
Жалқаубек: Жоқ, ұнаған жоқ! Мен өзім тексеріп көремін.( Жалқаубек ойынның шартын бұзып, допты қалай болса солай, алдап лақтырады).
Жүргізуші: Балалар Жалқаубекке көрсетейік қалай ойнау керектігін.
2. Ойын: Кім жылдам? .
Жалқаубек: Мен самакат тебу білемін. Қараңдаршы!:(Сомакаттан құлап тебе алмайды.)
Жүргізуші: Е - е - е, Жалқаубек сомакатты біздің балалар қалай тебетінін қарап ал.

Әунді үзіліс барлық балалардың орындауында ән Балабақшам

3. Ойын: Самокатпен жарысу .
Жалқаубек: Ту - у, сендер менің көмекшілерім бола алмайсыңдар, неге менің жолым болмай тұр? Неге менімен ешкім дос болмайды?
4. Ойын: Кім жүйрік?
Жүргізуші: Жалқаубек саған ойын ұнады ма?
Жалқаубек: Ұнады. Балалардың денелері шыныққан, спортпен айналысқанды жақсы көреді екен. Балалар мен сендермен бірге дос болғым келеді.

Ән: Достық .
Сайыс аяқталды.


Скачать


zharar.kz