Көкөністер мен жемістерді сипаттау

Скачать

Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ
Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы

Жасы бойынша топ: Ортаңғы Балапан тобы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көкөністер мен жемістерді сипаттау .
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді сипаттау, пайдасы туралы айтып, құрамындағы дәруменді туралы білу. жемістер мен көкөністерді ажырата алуға тәрбиелеу. Бақта, және бақшада оларға қарау, күтіп баптау туралы түсініктерін кеңейту.
Қостілділік құрамы: Көкөністер - овощи, қияр - огурцы, сәбіз - морковь, свекла - қызылша, лук - пияз.
Құрал жабдықтар: көкөністер мен жемістердің өзі және суреттері.

I кезең мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Біздің топта ұл - қыздар
Тату тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық сыйлаймыз.
Балалар мынау бізде не?
Осы күннің нұрын біз жылы тілектер айту арқылы күн нұрын жасап шығарайық.
Енді осы нұрдың жылулығын сезіну үшін мына шамнан өзімізге жылу алайық.
Тосын сәт:
Есік қағылады. Балалар сендер есітіп тұрсыңдар ма біреу есік қағып тұрған сияқты.
Қане кім екенін көреміз бе?
Қоян келеді

II кезең ұйымдастырушылық - ізденушілік
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар қане қоянға не дейміз?
Қоян: Балалар мен бүгін сендерге қонаққа келдім.
Мен жемістер мен көкөністер жайлы білгім келеді.
Сендер олар жайлы білесіңдер де?
Олай болса бәріміз бірге үйренейікші.
Қоян сен біздің балалар мен кел білге отыр бәріміз бірге үйренейік.
Дөңгелек үстелге жайғасайық.
Қолға алманы алып, бұл не балалар?
Түсі қандай?
- Алманың басқа қандай түстерін білесіңдер?
- Алманың шырыны бола ма? Дәмі қандай?
- Алманы сурет арқылы сипаттайық.
- Ал, мынау не?
- Түсі қандай?
- Апельсиннің шырыны болады ма?
- Бұлар балалар жемістерге жатады. Олар ағашта өседі.
- Енді балалар біз көкөністер мен танысайық
Балалар көкөністерді біз қайда пайдаланамыз?
Дұрыс көкөністердің пайдасы көп, оларды біз күнделікті тамаққа қосамыз, көкөністерде витаминдер көп болады. Сарымсақтан тұмау тимеу үшін не істейміз?
- Бұл сәбіз. Түсі қандай?
- Сәбізді не жейді?
- Сәбіз қайда өседі?
Көкөністерге нелер жатады?
Дұрыс айтасыңдар!
Сергіту сәті.
Кел ойнайық! таспадан (әуен ырғағымен).

Біз балалар қоянды жәй жібермейміз оған сәбіз жинап бергілерің келеме?
- Әуенді қосып сізбіз жинайды.
Енді осы сәбіздерді себетке салып қоянымызға берейік.
- Қоян балаларға алғыс айтады.
- Қоянға өзі жайлы тақпақ айтып берейік.
- Енді біз қортынды ретінде, Қоян сендер мен ойын ойнағысы келіп тұр екен.
Ойын ойнаймыз ба?
Балалардың көздерін байлап, жемістер жегізу олар ненің дәмі екенін білулері керек.
Ойын ойнап болған соң қоян балаларға айтады. Балалар сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер сендерге рахмет.


Скачать


zharar.kz