Сабақтың тақырыбы: Сыйластыққа себеп көп (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қонақ күту туралы білім беру.
2. Оқушылардың ақыл - ойын, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдемі сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: тірек сызба, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Қонақтармен амандасу
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен - бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Қонақжай
1. Қонақ деген кім?
2. Қонақжай дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ:
1) Ребус арқылы ашу
Бүгінгі күн мен тақырыпты жаздыру
Қазақ халқы қонақты шақырудың ретін білген. Дастархан әзірлеп, кісі күту өнер сайысы сияқты. Себебі: қонақ тек тамақ жеу үшін емес, олар көңіл көтеріп, жақсы әңгіме айтып, әдемі ән шырқап, күй тартып, өнер көрсетеді.
Қонаққа шақырудың себебі көп. Солардың бірі соғым басына шақыру. Балалар соғым басына шақыру дегенді қалай түсінеміз - қазақ халқының бұлжытпас салты. Бұл әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық - түліктің мол қоры қыс қамын - жаз ойлайтын ел жаз шығысымен күздік және қыстық соғымын ерте ойластыра, қарастыра бастайды. Ондай малды күні бұрын белгілеп, күтімге алады. Соғымға түйе, жылқы, сиыр, қой сияқты ірі мал сойылады. Соғым союда мәртебелі, берекелі әрі атаулы сәт. Әр елде, әр ауылда кәсіпқой соғым союшылар болады. Оны қасапшы деп атайды. Мал союдың да жөн - жосығы тәртібі болады. Соғым басына шақыру - тағы да міндетті салт.
Бұған ауыл үлкендері, көршілер шақырылып, соғым сойысқандар қазекеңдер біраз қауқылдасып жас етке бір тояды. Үй ішіне соғым шүйгін болсын деп тілек білдіреді, үлкендер батасын беріп тарқасады.
Өле жегенше - бөле же дегенді қалай түсінесіңдер - мақал үлкен кеңдіктің, жомарттықтың белгісі.
Шілдехана - бұл енді нәресте дүниеге келгенде жасалатын той. Тойды әркім шама - шарқына қарай өткізіп, нәрестеге ат қояды. Шілдеханаға жиылған жұрт Баланың бауы берік болсын дегендей құттықтаулар айтылады.
Бесікке салу -
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем - дегендей баланы бесікке бөлеу үлкен орын алар дәстүр. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыздың елеулі дәстүрлердің бірі. Баланы бесікке кез - келген кісіге салғызбайды. Өнегелі, тәрбиелі, жасы үлкен әжелерге салғызады. Ол бесікті аластап, адыраспандап, оңба - оң тыштыма жасайды. Екі жаққа екі әже отырып, бір айна, бір тарақты бесікке қойып, бір - біріне оң ба?- оң деп аударып, екіншісіне тағы оң ба?- деп осылай жеті рет жасалады. Бір әже жемісті тыштыма деп тастаса, екіншісі тышты деп қағып алады екен.
Тұсау кесу
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.
Атқа мінгізу
Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрдің бірі – 3 - 4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай - ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен - бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.
Ұлды үйлендіру - ата - ананың адам өміріндегі сүндеттен кейінгі парызы ұлды, қызды отау тіктіріп, ұлды ұяға, қызды қияға отырғызу, қуанышын тойлау.
Ата - баба салтымызда құда түсіп, ұлдың әке - шешесі таңдап текті жердің қызына үйлендіру халқымыздың салты болған.
Бас екеу болмай - мал екеу болмайды деген.
Бас пен жамбас - құдаларға тартылады.
Төс пен асықты жілік - күйеуге тартады.
Құйымшақ - қыз - келіндерге сый - сияпат көрсету әр отбасының міндеті.
Қорытынды:
1. Сыйласаң - сый көресің
2. Болар елдің баласын
Сәнінен емес, сәлемінен танисың.
3. Тән сұлулық табиғаттан
Жан сұлулық өзіңнен.
4. Сіз деген - әдеп
Біз деген - көмек.
5. Үлкенді сыйласаң - қадірлі боларсың.
Кішіні сыйласаң - құрметті боларсың.
6. Сыйласа - кім атасын
Ел береді батасын
Сыйласа кім анасын
Ол сүйеді баласын.
Бағалау.