Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атом ядросының физикалық негіздері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Атом ядросының физикалық негіздері. Сындық (кризистік) масса. Ядролық реактор туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша атом ядросының физикалық негіздері, сындық (кризистік) масса, ядролық реактормен танысамыз.
ІV. Білімді жан - жақты тексеру.
1. Ядролардың ыдырауы деп нені айтады, оның себептері қандай?
2. Ядролардың бөлінуі деп нені айтады?
3. Жартылай ыдырау периоды деген қандай уақыт?
4. Радиоактивті ыдырау заңы қалай өрнектеледі?
5. Тежегіштер дегеніміз не? Олар қандай мақсатта және не себептен қолданылады?
V. Жаңа материалды меңгерту:
Кризистік масса
Реактордың өлшемдері оған сәйкес уранның массасы белгілі бір кризистік мәндерінен артқан жағдайда ғана көбею коэффиценті бірге тең болады. Кризистік масса деп бөлінетін заттың тізбекті ядролық реакция жүре алатындай ең кіші массасын айтады.
Өлшемдері шағын болғанда реактордың активті аймақтың беті арқылы (ураны бар стержень орналасатын көлем) нейтрондардың шығыны өте көп болады.
Жүйенің өлшемдерін арттырғанда бөлінуге қатысатын ядролардың саны көлемге пропорционал, ал шағын болатын нейтрондардың саны беттің ауданына пропорционал өседі. Сондықтан жүйені үлкейту арқылы көбею коэффициентінің мәндеріне жеткізуге болады. Егер қармалатын және шағын болатын нейтрондар саны бөліну процесінде алынатын нейтрондардың санына тең болса, онда жүйенің өлшемдері кризистік өлшем болады. Кризистік өлшемдер және оған сәйкес кризистік масса ядролық отынның түріне, баяулатқышқа және реактордың конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты анықталады.
Шар тәрізді таза уран үшін (баяулатқышсыз) кризистік масса 50 кг - ға жуық. Бұл жағдайда шардың радиусы жуықтап алғанда 9 см болады (уран өте ауыр зат). Нейтрондарды баяулатқыштарды және бериллийден жасалған нейтрондарды шағылдырушы қабықшаларды қолдана отырып, кризистік массаны 250 г - ға дейін азайту мүмкін болды.
Реакторды басқару кадмийі немесе боры бар стерженьдердің жәрдемімен орындалады. Стерженьдер активті аймақтан толық шығарылған кезде к 1 болады, ал стерженьдер толық енгізілген қалпында к