Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
• Ердің туы – намыс.
• Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
• Ердің Еділ тобығынан келмейді.
• Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
• Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
• Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
• Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
• Қырағының өзі де, көзі де батыр.
• Ерлік – елеусіз қалмас.
• Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты.
• Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
• Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
• Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
• Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
• Командир – аға, солдат – іні.
• Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
• Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.
• Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
• Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
• Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір,
Өршеленген жаудың үнін өшір.
• Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
• Ер бақыты – ел қолында,
Ел бақыты – ерлер қолында.
• Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
• Қорқақ – қаққа шөгіп өледі.
• Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
• Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те - ерлік.
• Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
• Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.