Балалар бүгін барлығымыз, күз мерекесіне жиналдық

Скачать

Санжар: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлелік,
Енді оқуға кірелік.
Мұғалім: Балалар бүгін барлығымыз, күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ, біздің мерекеге біреу жетіспейді? Сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ол - күз.
Мұғалім: Ендеше, күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.
Күз: Береке, бақ, дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Адина: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Жанеля: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Кеткен күзім келдің бе?
Күзгі суық басталды.
Ақбаян: Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп.
Кеткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағын мәуелеп.
Саялым: Жетті желмен Алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Толтырды да қамбасын,
Той жасады халқымыз.
Нұрасыл: Күзде келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күзде келді, күз келді,
Көкте бұлттар жүз енді.
Хор: Күз келгенде
Елдар: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Мұғалім: Балалар, бізге тағы кімдер жетіспейді?
Балалар: Күз айлары.
Мұғалім: Балалар, жел тұрған сияқты. Сірә; күз айлары келе жатқан секілді.
Ж. Зарина: Қыркүйек. Аспанды
Құс шарлай бастады.
Алғашқы қоңырау
Қуантты жастарды.
Ербағылан: Қазанда халқымыз
Тойшыл. Ол - салтымыз.
Береке байлығын
Беріп тұр алтын күз.
Ерсайын: Қараша айында
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан
Мал қора жайында.
Мұғалім: Балалар, күз айларына алғысымызды білдіріп, оларды жолдарынан қалдырмайық. Ду қол шапалақтап шығарып салайық.
Мадияр: Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.
Ойын: (ата- аналармен)
Аружан: Кейде құйын өтеді,
Тозаңдатып жан- жақты.
Кейде құйын кетеді,
Доп қылып ап қаңбақты.
Күз: Балалар, жапырақтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Хор: Күзгі жапырақтар
Диас: Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Адильхан: Тапталады табанға,
Судыр - судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Би: Жапырақтар биі
Күз: Жарайсыңдар балалар, жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Айдын: Бейне тентек баладай,
Ойран асыр салады,
Алма бағын жағалай,
Алмаларын қағады.
Инсар: Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап - сары.
Ескендір: Ала шапан киініп,
Теңкейіпті қарбыздар.
Жесең тілді үйіріп,
Сусынынды қандырар.
Қарақат: Еңбек түбі - зейнет қой,
Менде қарбыз жинадым.
Атам сыйға береді,
Құшағыма сыйғанын.
Зере: Күшімді ішке жинаған,
Бес саусақтай жұмылған.
Тентекті де ықтырған,
Сарымсақ деген мықты мен.
Айбек: Қолымдағы қиярым,
Оны кімге қиямын.
Бойындағы тікені,
Бір сипасам бітеді.
Тоғжан: Көргендерді аң - таң ғып,
Жұлып алдым шалқанды.
Көзге түсер қиырдан,
Ай секілді ол жымиған.(шалқан)
Зарина: Жер - ананың баласы -
Қызылшаға қарашы,
Томпақ беті қып - қызыл,
Су шошытпас мықты - бұл.
Ән: Күз жомарт
Мұғалім:Ал енді, кішкентай бүлдіршіндердің қуыршақтар биін қабыл алыңыздар.
Би: Қуыршақтар
Күз: Жарайсыңдар балалар. Маған мереке қатты ұнады.Біз сендермен ән айтып, би биледік. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар! Келер жылы кездескенше!
Мұғалім: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға рахмет!


Скачать


zharar.kz