Сабақ тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Балалардың Отаны, рәміздері, Елбасы туралы түсініктерін молайту.
Дамытушылық мақсат: Балалардың ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын, сөздік қорын молайтуға, Отанына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)
Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек схемалар, ел рәміздері, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар! Бүгінгі Менің Отаным - Қазақстан атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, Менің Отаным - Қазақстан тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды. Сөйтіп, Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды.
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
Нұрайна:
Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән Бақытты балалық шақ
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
II. Негізгі кезең:
- Балалар мынау біздің Қазақстан Республикамыз. Оны сендер картадан көріп тұрсыңдар. Онда көптеген әдемі, үлкен – үлкен қалалар бар. Балалар біздің еліміздің бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы.
- Өте дұрыс, Астана қандай қала?
- Үлкен, әдемі қала.
- Астанада қандай үйлер, көшелер, ғимараттар бар?
- Иә, мен сендерге енді осы Бәйтерек жайлы ертегі айтып берейін.... Ертеде самұрық деген құс болыпты. Самұрық құс жылына бір рет қана жұмыртқалайды. Жұмыртқасы алтын екен. Самұрық құс дүниеде сирек кездесетін ағаш “бәйтерек” ағашына барып, жұмыртқалайды. Осы алтын жұмыртқасы бар бәйтерек ағашын көрген адамның жолы болады, бақытты өмір сүреді, тірегі, таянышы болады, - деген аңыз бар.
Данат:
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Біз өзіміз осы: Қазақстан Республикасының қай жерінде тұрамыз?
Қазақстан Республикасының елбасы кім? Ердаулет;
Н. А. Назарбаев атамыз - біздің елбасымыз болып, 1991ж 1 желтоқсанда сайланды. Атамыздың: Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі өте зор. Қазақстан Республикасы Н. А. Назарбаев атамыздың арқасында өте көп жетістіктерге жетті. Отанымыз көркейіп, ең әдемі елдер қатарына қосылды.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де Отан! маған
Төртеуі де Ботам дейді
Ер азамат атан! дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма Ботамын мен
Қазақстан Республикасының өзінің мемлекеттік рәміздері бар. Тәуелсіздік жолында, 1992ж 4маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Нұрмұхаммед:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Саят: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға
Назар:
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды -
Қасиетті борышым
Шынар:
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Мағжан:
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені, бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. 1992 ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Фархат:
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 24 жыл толады. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! ( қосылып)
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Хор: Біз өмірдің гүліміз
Бекбол:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
Акылбек:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.
Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын.
Алдияр:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Әсель:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Хор: Біз Қазақстан балаларымыз
ІІІ. Қорытынды: Сұрақ – жауап ойыны.
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2. ҚР - ның астанасы қай қала?
3. ҚР - сында қандай ұлт өкілдері тұрады?
4. Біздің Елбасымыз кім?
5. Мектепке не үшін келеміз?
Альмира:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар