Емшек безінің қатерлі ісігі - соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрі.
Емшектің қатерлі ісігі, сүт безінің рагы — сүт безінде болатын қатерлі ісік. Бұл аурумен 30 — 60 жас аралығындағы әйелдер ауырады. Емшектің қатерлі ісігі, негізінен, әйелдердің организмінде болатын өзгерістердің (жүкті кезінде, бала емізгенде, климакс басталғанда, т.б.) әсерінен, сондай-ақ, әр түрлі аурулардың (ішкі секреция безі қызметінің бұзылуы, бауыр, жүрек-қантамыр, қант диабеті, тым семіріп кету, т.б.) салдарынан болады.
Уақыт өткен сайын жер-жерлерде қатерлі ісік (рак) ауруларына шалдыққандар саны артып жатыр.
Бастапқы сатысында (деңгейінде) ешқандай құрал - жабдықсыз анықталуы қиын мұндай кеселдердің орта деңгейден асқанда ғана анықталып жататыны белгілі. Қалай болғанда да, ауырып ем іздегеннен ауырмайтын жол іздеген дұрыс. Салауатты өмір салтын қалыптастыру — отбасы шаттығы мен денсаулығыңыздың кепілі.
Қатерлі ісік ауруларының қатарына емшек безі ісігін (емшек безінің қатерлі ісігі), яғни, емшек безі рагын жатқызамыз.
Емшек безінің рагы 15 - 30 жас пен 50 - 59 жас аралығындағы əйелдерде өте жиі кездеседі. Алайда, бүгінгі таңда 15 жасқа дейінгі қыздарда да емшек безінің рагы кездесуде. Республика көлемінде емшек безі рагының көбеюіне байланысты 2007 жылы қазан айында ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің № 607 бұйрығы шықты. Бұйрыққа сəйкес, 50 - 60 жас аралығындағы əйелдерге емшек безі қатерлі ісігін қара қағазға (маммография) тегін түсіру мүмкіндігі берілді.
Еліміз бойынша емшек безінің рагы ауруына ең көп шалдығушылар Маңғыстау облысында тіркелген.
Ауырмайтын жол іздеудің орнына ауырып ем іздейтін нəзік жандылар өз денсаулықтарына
немқұрайлы қарап, уақытында маммографияға түсуге дұрыс көңіл бөлмейді. Маммография
дегеніміз емшек безі рагының қолға ілінбейтін, көзге көрінбейтін кезінде ерте анықтаудың
бірден - бір жолы.
Қатерлі ісік кеселінің пайда болуының негізгі себебі əлі белгісіз. Бұл ісіктің өсіп шығуына 40 - тан астам себептер əсер етеді. Жалпы алғанда, бұл себептерге ішкі бездер жүйесінің функциясының бұзылу құбылыстары, денедегі зат алмасудың бұзылуы, етеккірдің уақытында келмеуі, бедеуліктің болуы, кеш құрсақ көтеру, баланы емшекпен аз уақыт емізу, мастопатия, фиброаденома, емшек безінің өзегіндегі папилома болғанда, эстроген гармондарымен ұзақ уақыт емделу, перзентті жиі алып тастау, жиі түсік болу жəне тағы басқа дененің жағымсыз аурулары жатады.
Емшек безінің рагы кеселінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін жағдайлар:
— тұқым қуалайтын кейбір аурулар;
— айналадағы табиғаттың жағымсыз əсерлері;
— қант диабеті;
— бауырдың, қалқанша бездің, жыныс бездерінің аурулары.
Емшек безі рагының дамуы 4 сатыға бөлінеді:
Бірінші сатысы: үлкендігі 2 см дейін өскен, айналасындағы май клеткасына кіріп өспеген, метастасы жоқ.
Екіншісі сатысы: ісіктің үлкендігі 2 см - ден 5 смге дейін, метастасы жоқ.
Үшінші сатысы: ісіктің көлемі 5 см - ден үлкен, регионалдық метастаздар бар.
Төрітінші сатысы: метастазы бар, ісік үлкен.
Емшек безі рагын емдеу жолдары
Бастапқы сатысында (деңгейінде) анықталмаған сүт безінің қатерлі ісігінің қауіптілігі өте жоғары.
Жалпы алғанда, бұл ауруды емдеудің мынадай түрлері бар:
— хирургиялық жолмен толықтай сылып тастау;
— сəулемен емдеу;
— химиялық дəрілермен емдеу.
Ештен кеш жақсы. Уақытты созбай, мүмкіндігінше ерте, емшек безі рагын қарайтын маммолог -
дəрігерге көрініңіз! Сіздің өміріңіз өміріңіздің гүліндей болған балаларыңыз үшін өте маңызды.
Осыны ұмытпаңыз.