Алшы - асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі

Скачать

Асық ойынына қой, арқар, құлжа сияқты жануарлардың асығы мен тайынша - торпақтың топайларынан өңделіп пайдаланылады. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа тәрбиелейді

Негізгі бөлім:
Ұлттық ойындар оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептеледі. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да ұлттық тәрбие.

Асық ойынының түрлері
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен - кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Асықпен Ханталапай , Үш табан , Шеңбер сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.
Асық ойынының түрлері
Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т. б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.
Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.
Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.
Табан – асықтың тәйке жағы.
Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.
Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағы на басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады. Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, сал мақтысынан, оңқайынан белгіленеді.
Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.


Скачать


zharar.kz