Ақпарат тасымалдауыш құралдармен жұмыс

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бізді қоршаған ақпараттардың түрлерін, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, мозайка, флешка, смайлик
Сабақтың жүру барысы:
І. Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
ІІ. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру.
ІІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
IV. Үй тапсырмасын тексеру. (Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. )
Жаңа сабақты меңгерту, оқу материалдарымен таныстыру.
Тапсырмалар орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың сабаққа назарын аударып, мозайка кескіндемелерін құрастыру арқылы топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру.
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары беріледі:
1. Объектілерде қолданылатын қандай амалдарды білесіз?
2. Объектілерді көшіру мен жылжытудың айырмашылығы неде?
3. Алмасу буфері деген не?
4. Барлық жойылған объектілер орналасатын арнайы бума қалай аталады?
5. Қоржындағы жойылған объектілерді қайта қалпына келтіруге бола ма?

Жаңа сабақта
Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға ақпарат деген сөзді мысалға ала отырып, анықтама беру! Ақпарат сөзі латынның informatio яғни түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан шыққан. Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы.
Оқушыларға тақырыпты меңгеру үшін алдын – ала жаңа сабаққа қатысты сұрақтар қойылып, жаңа ғылыми терминдер беріледі.
Ақпаратты тасымалдаушы құрылғылармен таныстырып, оларға жазылған ақпараттардың ақпарат тасымалдаушы құрылғыларға жазу тәсілдерін практикалық іс – тәжірибеде көрсету.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп қарастырамыз. Бейнелі ақпарат – табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттар жатады. Ендігі, осы бүгінгі тақырыбымыз жазу және санау бұл таңбалы ақпараттарға жатады. Таңбалы ақпарат түрлерін газет – журнал, кітап секілді құралдардан аламыз. Ендігі мәселе, адам осы ақпаратты қабылдай отырып, ақпараттың көмегімен қандай нәрселер немесе не істей алады деген сұраққа жауап іздеп көрейік! Адам ақпаратты қабылдады делік. Ол, оны қабылдағаннан кейін жадында сақтай алады, сол арқылы ақпаратты жазады, өңдейді және таратады немесе жеткізе алады. Міне, біз, жоғарыда айтылған тәсілдермен ақпаратпен тікелей байланыс орнатамыз, яғни, қабылдаймыз, сақтаймыз, оны өңдейміз және жеткіземіз! Ақпаратты біз жазу үшін ақпаратты енгізу құрылғысының көмегімен жүзеге асырамыз.
1 - тапсырма:
Кездесу қараша айына тағайындалды
Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!
Ақпаратты жазу және санау
Ақпарат тасымалдаушылар
Ал, ақпаратты санау үшін ең алдымен ақпаратты немен өлшейміз соған тоқталамыз. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т. б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограмммен, т. б. өлшейміз. Ақпарат сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
2 - тапсырма:
Кездесу қараша айына тағайындалды
Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!
Ақпаратты жазу және санау
Ақпарат тасымалдаушылар
Информатика саласында ақпаратты тасымалдау зор маңызға ие. Өйткені, ақпарат алмасу осы саламен тығыз байланыста. Осы орайда біз түрлі ақпарат тасымалдаушы құрылғыларды пайдаланамыз. Оның ішінде CD дискілер, CD - DVD, CD - R, DVD - R, флэшкалар, дискета қолданамыз.
Осы ақпарат тасушы құралдар ақпарат тасымалдаушы құрылғылар деп аталады.

Практикалық топтық жұмыс.
3 - тапсырма:
Ақпарат тасымалдауыш құралдармен жұмыс.
Әр оқушы өздерінің жазған құжаттарын сақтап, оны флешкаға құяды.

Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды смайлик арқылы бағалау
Үй тапсырмасы: Ақпаратты жазу және санау.


Скачать


zharar.kz