Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Мақсаты: Балабақшамен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - ана. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген ата - бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата - бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал - мәтелдер екені сөзсіз.
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.
2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.
4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.