Сырттай сенен бас тартып жүрсем дағы

Скачать

Кешір мені...
Келмес күндер үшін де кешімдегі,
Мен артыма қарамай кетіп барам
Сол үшін де жарығым кешір мені
Түсін мені...
Сырларымды ұғыншы ішімдегі,
Сен менімен біргесің, мен жалғызбын,
Сол үшін де қиналам,
Түсін мені...
Шыдамсызбын,
Күтуге әл жоқ менде, қатқан мұзбын,
Сендік сезім бар шығар,
Бірақ, бірақ...
Күте алмаймын келгенше
Шыдамсызбын...
Түсінбеймін....
Мендіксің бе?
Мендік бол! Түсін мейлің
Қарамашы өзгеге көзіңменен,
Мен ондайды жаным - ау түсінбеймін...
Кешірмеймін...
Жалғыз қалған сәттерде есірмеймін...
Бірақ күнім сендегі суықтықты,
Мен әлі түсінбеймін...
Сүйем дейсің.,
Бірақ неге жаныма сүйенбейсің?
Алдамшы өмір сөнеді - ау қас қағымда,
Сүйем дейсің
Сен бірақ бір келмейсің...
Жалынбаймын..
Мен сенің елесіңнен арылмаймын..
Сырттай сенен бас тартып жүрсем дағы.
Ішімдегі отпенен жалындаймын..
Бірақ жаным,
Қайтшы деп жалынбаймын!


Скачать


zharar.kz